Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет116/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
шешімге келген әділдік аты сіздің айтқаныңызды қабылдай алмайды. Осыны дұрыс 
түсініңіз, Ақа. 
Екеуі томсырайып үн қатпай, бір-бірін сынағандай орындарынан қозғалмай отырды. Тек 
сырттағы жауынның тырс-тырс етіп терезеге тиген тамшылары ғана «ей, бейшаралар» 
дегендей естіліп тұрды. Әлден соң Аққұл орнынан тұрып: 
— Айтқан ақылыңа рақмет, қарағым Садықжан. Ақымақ бақыттың басына қонғанын 
білместен, ұшқанын бір-ақ сезеді деген осы екен ғой,— деп күрсінді. 
— Рақмет, Ақа, түсінгеніңізге! Бұл сөзді сізден басқа болса айтпас еді, сізден басқа болса 
бұлайша өкінбес те еді. Ағат жібергеніңізді аңғарып, қартайғанда ауыр кінәнің азабын бір 
басыңызға арқалап, ақиқатқа, әділдікке жүгінгеніңізге рақмет, — деп Садық Аққұлды 
киіндіріп, кебісін қойып, қолтықтап сыртқа шығарып аттандырды. 
* * * 
Зәуренің ісі жылға созылды. Құдасының ауылына Аққұлдар талай-талай ат салыпты
кешірім сұрап келінін қайтаруды өтінді. Бірақ Зәуре айтқанынан қайтпады. Ақыры өз 
қалауымен қалыңсыз-ақ ерге шығып кетті. Аққұл болса, өмірінің соңғы шағына дейін 
Зәурені ойлап бармағын тістеумен өтіп еді. 
Бұл біздің аймақтағы жаңа заманның, жаңа өмірдің жақсылығын көрген алғашқы әйел 
болатын... 
* * * 
Ауылдың айналасындағы сай-сала шұрайлы шөпке тұнып тұратын. Ел әр сайды иемденіп 
шөбін шауып алады. Шөп піскенше, төңірек самал желге толқып, теңіз бетіндей тербеліп 
жатушы еді. Пішен шабыс келгенде сол толқынның әр шетінен орақ тиіп, жал-жал шөп 
қалып жататын. 


188 
Әдеби KZ 
Гончаровтардың үй-іші шабындық кезінде де бізбен бірге болады. Уәделі күні арба жегіп, 
ат жетелеп, шалғысын қайрап келіп тұрғаны.Жаз бойы қырқа қуып, шөп шауып жүргенде, 
бозғылт денелері күн көзіне қақтанып күреңітіп болады. Сол сәтте бәрі ажарланып 
кеткендей көрінетін. Гончаровтардың шалдан өзгесі түгелдей жалаң аяқ, жалаң бас 
жүретін. Тек шал ғана жамаулы етігін тастамайтын. 
Ыстық күнде аяғын желдетпеген соң шуаш иісі бұрқырап жүруші еді. 
Гончаровтар шетінен боз көйлек киетін. Желпінуге ыңғайлағаны ма, әйтеуір кең етек 
далбағай көйлекке құмар-ақ. 
Олар арба-аяғын салдыратып асығыс келеді де, жау қуғандай құйындатып шабындыққа 
асығады. Шай қойып, дастарқан жаюға да мұрша бермейтін. 
— Жұмыс қалын барады, Момыш. Жайбарақат жататын кез емес қой. Бесбармақты кейін 
жейміз, — дейтін Кузьма шал. 
Әкем мен көкем ат ерттеп асыға бастайды. Мен Гончаровтардың үлкен арбасына 
жайғасамын. 
Мұндай көлікке бұрын-соңды мінгенім осы еді. Біртүрлі қорқып отырдым. Арба орнынан 
қозғалғанда, мен шабағынан ұстай алдым. Жүрген сайын секіректей береді екен. 
Гончаровтар маған күліп жатыр. 
Василийдің мақтанғысы келді ме, әлде мені батылдандыра ма, әйтеуір ешбір сескенусіз-
ақ арба үстінде ары-бері жүгіріп қояды. 
Алайда қалжыңбас Тишко аттарға қамшы басып, желдіре жөнеліп еді, мен жақтаудан 
айрылмастай жабыстым. 
— Тишко мұның не? — деп айқайлайды Манька, — жаймен айдасаңшы. Әйтпесе мына 
қара қазақтың көзі тас төбесінен шығатын түрі бар. 


189 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет