Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет118/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
— Мефоднй-ау, мұның не? Тас лақтырғандай құлаштайсың ғой. 
— Тегістеу ал, Тишкожан. 
— Момынқұл, сен жауырыныңа жүк артқандай құнжиып алыпсың. Бойыңды тіктеу 
ұстасаң, өзіңе жеңіл тиеді ғой. 
Алдыңғы төртеу бір қалыпқа түскендей бірінен-бірі қалысар емес. Сайма-сай қимылдап, 
сап түзеп барады. Көкем қатар бұзбайын деп қанша тырысса да болмады. 
Шал «таусоғар» көкемнің қолапайсыз қимылына шыдай алмай қасына келді. Көкемнің 
шалғысын алып, өзі шауып көрсетті. 
— Міне, осылай шапсаңшы, Момынқұл. Күшіңді босқа тауысасың ғой.Тишко бұл сөзді 
көкеме аударып түсіндірді. 
Бұдан кейін Гончаровтар қайтадан сап түзеп бір қалыппен алға жылжи берді. Көкем 
қалыспай-ақ келеді. Бірақ терлеп пара-парасы шығыпты. Шаршағаны сонша, тіптен 
сілтеген шалғысы аспанды қаңғалақтап барып тұмсығымен жер сүзеді. 
Осылайша екі-үш балдан тартылды. Көкем ентігіп, екі иығынан дем ала бастады. Ал 
Гончаровтар әбден әккіленіп алған ба, сыр білдірер емес. Алға сырғып барады. Төртінші 
қатарға түскенде көкемнің шалғысы жерге қадалды да, сабы морт сынды. Көкемнің өзі 
орақтың жүзіне құлай жаздап жер тіреп тұрды. Дүлей күшке шыдасын ба, шалғы қақ 
бөлінді. 
Кузьма шалдың шыдамы таусылған екен. Көкемді түтіп жіберердей төніп келіп, айғайға 
басты. Ел ішінде жүріп үйренген жалғыз сөзін қайталап «ахмақ!» дей береді. Сонан соң 
қолын оңды-солды сермеп, ұлдарына әлденені орысшалап нұқи бастады. «Әйгілі тілмаш» 
Тишко әкесінің бастырмалата сөйлеген сөзін аударып үлгере алмады. 


192 
Әдеби KZ 
Мен өзіме таныс «Сайтан! Албасты!» деген сөздерді айнытпай ұғып тұрмын. Көкем 
ұялғаннан басын төмен салып, бірдеме деп қазақша міңгірлеп еді, оны өзінен басқа ешкім 
де естіген жоқ. 
— Әкем айтады, — деді әлден соң Тишко, шал аздап басылғанда, — Момынқұл сенікі 
үлкен ақымақ, басқа аз-маз істейді. Сенікі орақ емес, арбаны да сындырады. 
Кузьма шалдың осынша күшке таңырқағанын сезген көкем көтеріліп қалды. Күліп жіберді 
де, кешірім сұрады. Ертең базардан бірнеше шалғы сатып әкелмек болды. Ал Кузьма 
көбірек ескертпе жасаса, тезірек үйреніп кететінін айтты. 
Мұны естіген Кузьма да жұмсарып, көкеме өз шалғысын ұсынды. Өзі қатарынан қалмай 
көкемнің қимылын бақылап, үйретумен болды. Әкем арбаның көлеңкесінде отырып 
алып, шалғыларды шыңдайды. Біз Василий екеуміз әлгінде ғана жол үстінде 
шекіскенімізді ұмытып, көбелек қуып мәз болып жүрміз. 
Біздің міндетіміз — тұсаулы аттарды бақылау. Аздан соң Василий екеуміз әңгімеге көштік. 
Ол шіркеудің қоңыраулары қалай соғылатынын айтып берді. Тап осы сәтте алыстағы орыс 
поселкасынан шіркеу қоңырауының даусы талып естіліп еді. Василий әр қоңыраудың 
дауысын танып, үніне қосылғандай басын изеп құптайды. Алғашында күңгірлеген жуан 
дауыс естіліп еді, бірте-бірте жіңішке үн молая бастады. 
— Тыңдашы, тыңдашы, — дейді Василий ентелей құлақ түріп. — Мына дауыс — ең 
кішкене қоңыраудікі. Екеуміз де кішкене қоңыраудың үнін ұнаттық. Мен Василийден: 
— Ауылдарыңа барып, шіркеулеріңнен қоңырауды көруге бола ма? — деп сұрап едім, ол 
жолатпады. 
— Жоқ, саған болмайды. Әулие атамыз мұсылмандарды шіркеуге жібермейді. 
Менің лепірген көңілім басылып, кәдімгідей мұңайдым. Өйткені шынымен-ақ орыс 
шіркеуін, әсіресе үнді қоңырауларды көргім келіп еді... 
Василий екеуміз қазақша жақсы түсіністік. Бірақ ол ағасы Тишкодан азырақ біледі екен. 


193 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет