Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет117/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   144
Әдеби KZ 
Тишко маған бұрылып қарады да, қарқылдай күліп тізгінді тартты. Ат аз ғана кідіргенде, 
арбадан секіріп түсіп, қаша жөнелдім. Василий қуып жетіп, арбаға қайта мінгізбек еді. 
Мен тырысып болмадым. 
— Соны қойшы, Василь! — деп айқайлайды Манька. — Өз обалы өзіне. Жаяу жүре берсін, 
сайтан. Василий мені көндіре алмағанына ызаланса керек, жағымнан салып қалды да, 
арбаға қарай жүгірді. Мен қуып жетіп, бөз көйлегіне жармастым. Екеуміз де қайтпай 
төбелестік. Тишко жүгіріп келіп ажыратып жіберді. 
Ашуым тарқар емес. Жерден тас алып арба соңынан атқылап келем. Бір тас Маньканың 
жауырынына тиіп еді, Манька баж ете қалды. «Ой, тентек қазақ! Шайтан! Албасты!» деп 
кіжініп тұр. Мен әлгі сөздерді қағып алып, өзіне қайтарып айттым. Шамасы орысша 
сөздерім мандымаса керек. Гончаровтар іштерін басып күлкіге кенелді де қалды... Бұл 
ашық күлкі біздің татуласқанымыздың алды екен. Тишко Василий екеуміздің арқамыздан 
итермелеп, бір-бірімізге жақындатты да, қолымызды алдырды. Сонан соң мені өзінің 
қатарына отырғызды. 
Біздің шабындығымыз жазықтау алқап еді. Гончаровтар мұнда келісімен аттарын ту сады 
да, бірден жұмысқа кірісіп кетті. 
Шалғылар шыңдалып, жүзіне қайрақ жүрді. Сонан соң Кузьма шал бір шалғыны алды да, 
жайқалып тұрған суға сүңгітіп жіберді. Сол-ақ екен, әлгінде ғана жайқалып тұрған шалғын 
жапырылып түсе бастады. Шалғы сүңгіген сайын, бірқалыпты сусылдақ сыбыс есті де 
отырды. 
Біраз жерге дейін шалғы сілтеген Кузьма ентігіп барып тоқтады, үлкен ұлына дауыстады.— 
Сашко! Сен немене, орақты дұрыс саптамағансың ба? Белдемесін де дұрыс орнатпапсың. 
Сілтеген сайын зіл тартып, омыртқаңды үзе жаздайды. 
Сашкосы қолына балғасын ұстап жүгіріп келді. 
— Қазір, әке! Бәрін де орнына келтіреміз. Ұстараның жүзіндей қылпытып берем. 


190 
Әдеби KZ 
Майға салған пышақтай сусып жүре беретіндер болады, — деп баласы жүре сөйлеп 
шалғыны жөндей бастады. 
— Сөйт шырағым, сөйт,— деді әкесі мейірлене сөйлеп. 
Сашко балғасын еппен жұмсап, орақтың мойнын біраз тықылдатты. Сонан соң сабын 
жөндеді. 
— Белдемесін жоғарырақ жылжыт, балам. 
— Өзім де сөйтіп жатырмын, әке — деді Сашко қайысты тартып тұрып. 
Шалғыны жөндеп болып, ол ары-бері сілтелеп сынап көрді де, әкесіне әкеп берді. 
— Енді қатып кетті, әке! Өзіңіз байқаңызшы. 
Шал шалғыны қолына алып, сынады да, ұлына ризашылық білдірді. 
— Дұрыс бопты, шырағым. 
Шал өзінің бастап қойған жеріне барды да, бал тарта берді. Енді оның тек екі қолы 
қимылдап тұрғандай сезілді. 
Орылған жердің қыртысына дейін көрініп, шалдың соңында түп-түзу ұзын жол қала берді. 
Әлден соң шал соңына көз тастады да, дауыстап әмір берді. 
— Ал, балалар, орақты бастаңдар! 
Сол-ақ екен, Сашко, Мефодий, Тишко тізбектесе тура қалды. Алдымен Сашкосы, сонан соң 
он қадамнан кейін Мефодий, оған ілесе Тишко түсті. Бұлардың соңынан ала көкем 
шалғынға шалғы сүңгітті. Енді бір қарасам, қатар тізілген бес жолақ ну шөпке жарыса 
сүңгіп барады екен. 
Шал төрт жігіттің алдын тосып, ақыл айтады. 
— Сашко, сен асықпа. 


191 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет