Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет128/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Аққұл атам аппақ түйе жүн шекпенін жамылып топ ортасында тұр екен. Шекпенінің етегі 
кең болғандықтан тобығына дейін бүркеп тұр. Алыстан қараған кісіге ақ тастан қашалған 
ата мүсіні сияқты сезіледі. Жиегі жалпақ ақ қалпағы да біртүрлі сұс беріп, атамды айбарлы 
көрсетеді. 
Біз жақындай бергенде, әлгі тас мүсіндей тапжылмай тұрған атам алға қозғалып еді, 
қасындағылары да бізге қарай лап қойды. Елпектеп тез жүргеннен шекпенінің етегі 
желбіреп келеді. Манағы көз алдында елестеген сұсты мүсін енді кәдімгі өзіміздің 
қарапайым атамызға айналғанына таңырқағандай едім. 
— Армысыз, әпке, — деп Айшаға ентелей қол созды. 
— Қуаныштарың құтты болсын, қарақтарым. Ұзағынан сүйіндіре көрсін, құлындарым, —- 
деп Айша апам да елжіреп амандасты. 
Бәріміз жапырласып құттықтап жатқанымызда, көрші отаудан Дембайдың өзі жүгіріп 
шықты. Тәттіге ұмтылған баладай арсалаңдап, мойны бұлғақтап келеді екен. Қисық аяғы 
осынау жүрісін онан сайын теңселтіп бір түрлі қораштау көрсетеді. 
— Айша апа! Айша апа! а-а-а! — деп еркелей келіп, әпкемнің құшағына енді де кетті. 
Әпкем оның басынан сипап, кәдімгідей жұбатып тұр. Бірақ Дембай ықылықтап болар 
емес. 
Тұс-тұстан құтты болсын айтуға келген адамдар мол жиналды. Әйелдер дастарқан көтеріп 
мәре-сәре болысып жатыр. Сол бойы олар жұртқа бауырсақтан шашу шашып ерекше 
қуанысады. Елдің бәрі шашуды жерден теріп, кейбіреуі қағып алып жеп жүр. 
Той осылай басталып та кетті. Балаға үшінші күн толғанда Дембай көкпар берді. 
Көкпар күн көзі қайтып, мамық шуағын масайрай төгіп тұрған сәтте — бесін кезінде 
басталады. 
Жантөре, Болат, Асқар және көкемдер ешкімге сенбей, аттарын өзі ерттеді. Үзеңгісін 
қысқартып, тартпаларын нықтап тартты. Бәрі де сәйгүліктерінің сауырын сипап, жонын 


211 
Әдеби KZ 
қағып, мәпелеп жүр. Шабандоздар сайланып біткен. Осы жолы маған да жеке ат тиіп 
жетісіп жүрмін. Құнан шығар қара жирен айғырды көкем ерттеп мінгізген болатын. 
— Өзіңе абай бол. Додаға жақындап жүрме. Көкпарға әлі шамаң жоқ, — деп әбден 
пысықтап алды. 
Мен қызыққа шеттен ортақтасып, сырттай көз тігемін. 
Жантөре мен ұлдары әбден кәнігі болған шабандоздар екен. Бір үйме-жүйме доданың 
ішінен әлгі сымбатты шал суырылып көкпар іліп шыға келді. Өзгелер іркес-тіркес соңынан 
қуды. Жантөре ер үстінде еңкейе жатып, көкпарды ұршықша үйіріп барды. 
Аққұл атам той иесі болғандықтан, бұл жолы тілеулестер тобында тұрған. Жантөренің әр 
қимылына риза болып желпініп қалады. 
— Әй, кәрі тарланым-ай! Тізгінді қалай меңгереді десеңші. Мұндайда аттың өзі 
қыбырлаған қыбыңнан-ақ, ыңғайыңды ұға біледі, — деп төңірегіндегілерге түсіндіріп тұр. 
— Атты қақпайламай, еркіне жібер. Тек кимылыңмен, тақымыңмен сездіре біл. Сонда 
атың өзінен-өзі үйлесіп отырады... О, сақалыңнан айналдым, Жантөре, — деді ол 
кенетшабандоздың тәсіліне риза болып. Жездем соңындағы қуғыншылардан құтылу үшін, 
оларды өзіне жақындатып алып ат басын ірке қойған екен. Екпіндеткен шабандоздар 
жанынан зулап өте шықты. Сол кезде Жантөре атының басын кері бұрып алды да, мәреге 
қарай тура тартты. — Міне-міне, көрдіңдер ме? Ескінің көзі осындай болады. Біздің 
кезіміздің шабандоздарына кім теңесе алады, тәйірі? Бүгінгінікі әшейін ермек қой. 
Кенет шаршы топтан жирен айғыр суырылып шықты да, Жантөренің ізіне түсті. Байқасақ, 
Асқар екен. Ол әкесін қуып жетті де, «әке, көкпарды маған ұзатыңыз», — деп дауыстады. 
Жантөре шабысын ірікпей, серкені көтерген күйі баласына қарай атып жіберді. Асқар да 
әбден машықтанып алған ба, көкпарды допша қағып әкете берді. Қызықтаушы жұрт тағы 
да таңдайын қағысты. 


212 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет