Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет134/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   144
Әдеби KZ 
Егін орағы да басталды. Бір шетінен машинамен, екінші жағынан бел орақпен орып 
жатырмыз. Өйткені бұрын қол орақпен оратынбыз. 
Біз Василий екеуміз әйелдерге қосылып қырманды әзірледік. Алдымен су сеуіп, сабан 
төседік. Сонан соң ат жегіп, таспен бастырдық. Әйелдер соңынан сабанның қалдығын 
сыпырып тастады да, тағы да су септі. Қайтадан сабан төсеп, таспен жүргіздік. Түс кезінде 
орақшылар келіп көргенде, шынымен-ақ мақтады. 
Екі күн қатарынан астықты орып, үшінші күні қырманға тасыдық. Үш үйме астық 
жиналыпты. 
Бесінші күні қырман бастыруға кірістік. Василий екеуміз ат айдап, тас бастырдық. 
Үлкендер сабанын қағып, шетке ысырып жүр. Осылайша жұмыла еңбектеніп, үш күнде 
қызыл көтеруге даяр тұрдық. Қырманда тау боп үйілген алтын дәнге бәріміз де қызыға 
қараймыз. 
— Жиын-терінді көңілді аяқтап, ырысқа кенелгенімізге мал сойып, елге тараттық. 
Кешке Гончаровтар мен біздің үй асықпай-саспай, бажылдаспай-дауласпай емін-еркін 
отырып, тиесілі астықтарын бөлісіп алды. Гончаровтар бізді жексенбіге қонаққа шақырып 
кетті. 
Жексенбі күні ертемен Евгеньевка жақтан орыс шіркеуінің қоңырау үні естілді. Ел базарға 
жиналып жатыр. Әкем мен көкем базарға мені де ілестіре кететін болды. 
Біздің қыстаудың жанынан өтетін қара жолмен мал айдаған базаршылар шұбап барады. 
Біреулер ат жетектеп, біреулер қара мал қосарлап, енді бірі алдарына аша тұяқ уақ мал 
салып көңілді кетіп барады. Көкем сондай бір топқа төрт қой қосты. Біз 
сатпақпыз.Базаршылар жарқын амандасып, жақсы тілек айтысады. 
— Ассалаумағалейкүм, мал базарлы болсын. 
— Алейкүм салам, айтқаның келсін. 


220 
Әдеби KZ 
— Сауданың сәтін берсін. 
— Өзіңе де соны тілеймін. 
— Мал пұлы бұйырсын! 
— Періштенің құлағына шалынсын. 
Осылайша бір-біріне игі тілек арнасып, дабырласып бара жатады. 
Ол кезде қазақ үшін базар деген мал алып, мал сататын орын ғана емес, жүздесіп 
көрісетін, қол алысып, қошеметке бөленетін, тіптен сағынысып табысатын салтанат мекені 
сияқты еді. Тіптен азын-аулақ дау-дамай, ауыл арасының бітіспей жүрген кірбеңі, келелі 
мәселелер де осындай бас қосуда шешілетін. 
Жексенбі базары Бурное станциясының орталығында болатын. Айналасы ат шаптырым 
үлкен алаңда адам деген құж-құж қайнайды. Алыстан көз салсаң, ала-құла сансыз доп 
дөңбекшіп жатқандай сезіледі. Кейде баяу толқын сияқты дамылсыз жылжып бара 
жатады. Құлағыңда ешкім ұғып болмайтын біртүрлі гүжілдеген үн тұрып алады. 
Осынау сең ішіне бір шеттен келіп біз де араластық. Базар шеті де қызық. Әр жерде 
шоғыр-шоғыр болып тізгін түйістірген аттар үймелейді. Кей тұста арбалар қаптап тұр. Бір 
шетте есектер азынайды. Екіншісі бөлек ауылдай бөлшек-бөлшек тірлік, әйтеуір. 
Байқасам, базарға келмейтін жан жоқ екен. Алыс болыстың қазақтары, ала шапан 
өзбектер, тақиялы татарлар, күнқағарын басына киген қаба сақал орыстар, әр түсті 
әйелдер құмырсқаның илеуіндей құжынайды. Осы аласапыран, алабажақ, астан-кестен 
тірліктің ішіне сүңгідік те кеттік. Топ ішіне кірген соң, бағыт іздеп, басар жерді 
бағдарлаймын деу бос әурешілік екен. Сең қалай қозғалса, сен де солай жүре береді 
екенсің. Әйтеуір бет алдыңнан бір бұйымның кездесуі анық. 
Байқасам, базар аумағының өзі ойдым-ойдым болып бұйымына қарай, сатар малына 
қарай жік тауып бөлінеді екен. Бір жерде қаз тізіліп, алдына бар дүние-мүлкін үйіп қойып 
өзбектер отыр. Бетіне қарағанның белін басып көріп, саудаға шақырады. Әлеміш 


221 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет