Әдеби KZ
Иван да танып үлгерген екен, жетелеп келе жатқан екеудің қолынан сытылып шықты да,
жерден тас алып бізге қарай лақтырды. Бұл тас көкемнің атының жамбасына тиді. Сол-ақ
екен көкем ат басын бұрып ұмтыла берді. Бірақ әкем қатты зекіріп тыйып тастады.
— Маспен егесіп мас боласың ба? — деп ұрысты. «Бұзық Иван» тағы бір кесекті атып
жіберіп, біз жаққа жұдырығын түйді. Сөйтсем, ол көкем екеуі ертеден бері егесіп жүреді
екен.
— Бұл ит атқа мініп қорықшы боп жүрген кезінде талай тиіскен. Сонда-ақ қамшымен
сабап ем. Енді құдайға шүкір, бәріміз теңбіз ғой...
— Оттама! — деді әкем әлгі сөзді бөліп, — теңдік сен сияқты тентектердің төбелесі үшін
берілген жоқ шығар..
— Өзі тиісе берсе,жұдырығына жон тосып тұра бермекпін бе? — деп қызына сөйледі
көкем.
— Сәлем, Момыш! — деді осы кезде арбада отырған ши қалпақты кәрі орыс.
— А, Тимошка, аман-аман! — деді әкем де жымиып. — Неге қарайлап тұрсың?
— Ей-ей, мына ақымақты апарып салмасам болмас, — деді шал мастың қылығына
ұялғандай қызарақтай сөйлеп. — Бір оңбаған болды ғой. Базар сайын ішіп алып
құтырынады да жүреді албасты.
— Тимофей аға, — деп айқайлап келе жатыр екен әлгі мас. — Момынқұлды ұстаңыз.
Мен оның мойнын бұрап алайын.
— Ал жүре беріңдер. Мұнымен байланысып абырой таппассыңдар, — деді Тимофей бізге
масты нұсқап.
Біз ілгері озып кеттік. Түп-түзу көшесінің қос жиегін көк терек көмкерген Евгеньевка
Алатаудың алақанында жатқандай көрінеді екен. Аппақ әдемі үйлерінің төбесі өркештеніп
аспанға өрлеп тұр. Сабанмен жабады екен. Әр үйдің аумағы да, ауласы да үлкен.
225
Әдеби KZ
Тортемірмен қоршап қойыпты. Тек қақпаға кіре берістен көпір жасалған. Шыны терезелер
күнге шағылысып, әлемнің сәулесін молайтып жібергендей сезіледі.
Әр жылғаны, бастау басын қуалап үрке қонған біздің ауыл Евгеньевканың жанында
ойыншықтай көрінеді. Қатар түзеген еңселі үйлердің мысы басып біртүрлі боп келем.
Үлкен қалалар да осы сияқты шығар, бәлкім.
Біз үшінші көшені кесіп өте бергенімізде, бір үйдің қақпасының алдында тұрған Тишконы
көрдік. Шамасы, бізге қарайлаған болуы керек. Тани салып қол бұлғап қарсы жүрді.
Осылайша Гончаровтардың ауласына да кірдім. Балшықтан соғылған кең аула тап-таза
екен. Қақ ортада тырна мойын құдық тұр.
Гончаровтың балалары біздің аттарымызды жайғастырып жатыр. Ал кемпірі мен шалы
үйге бастап кірді. Аппақ етіп әктеген үлкен бөлмеде ағаш кереует тұр. Үстін қолдан
тоқыған бүркеншекпен жауыпты. Бір бұрышта үлкен орыс пеші. Биік сандық, стол, екі ұзын
отырғыш, үш-төрт пәкене орындықтан басқа жиһазы жоқ, жер еден үй екен.
Пеш қабырғасында ішекше созылып, ұзыннан-ұзақ кенеп орамал ілулі тұр. Ішке кіргенде
бұрышта қайтаған икондарға бірден назарым ауды. Көзімді алмай қараппын да
қалыппын.
Суреттің жиек темірлері жалт-жұлт етеді. Мұнда қаба сақал ата қудай бейнеленіпті. Оның
оң жағында сәби көтерген ана құдай. Сол жағында Айса пайғамбар. Бәрінен төменіректе
басы салбырап, қолы қадаға керілген біреудің суреті. Жан түршігер азапқа түсіп тұрғаны
жүзінен аңғарылады. Дәл соның түбінен балауыз шам жағып қойыпты. Көмескі жарық
осынау күңгірт бұрышқа еміс-еміс сәуле шашады. Әр суреттің жиегін дала гүлімен
көмкеріпті...
Менің шектен тыс таңырқап отырғанымды сезген әкем, егжейлеп түсіндіре бастады.
— Мұның бәрі орыс құдайларының бейнесі, — деді әкем суреттерді нұсқап. — Осы
суреттерге бәрі табынады. Анау ақсақалды шалы — Ата құдай, мына сұлу әйел — Айса
226
Достарыңызбен бөлісу: |