Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет136/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
алғандай, әлгі жігіт айналсоқтап сол жерден шығар емес. Ақыры қыздарды биге тартып 
тынды-ау. Әлгі топ қыз мың құбылып, бірінен соң бірі жер тепкілеп әндетіп билей 
жөнелгенде дүйім жұрт көпке дейін қызықтап тұрды. Біз осынау топтың арасынан әрең 
сытылып шыға бергенімізде, алдымыздан ұзындығы бір қарыс тәтті ұстаған өзбек шыға 
келді. Әлгінде әкем берген тиындар сол өзбекке бұйырды... 
Осылай тәтті сорып, тамаша көріп келе жатқанымызда алдымыздан Аюбай жездем 
шықты. Ауылдың амандығын сұрап, әкемнің қай тұста жүргенін анықтады. Мені ауылына 
алып кетпек еді, Василий қонаққа шақырып қойғанын айтты. Сонан соң ол екеумізді ертіп 
апарып өрік әперді. Ауылға сәлем айтты да, топ ішіне кіріп сіңіп кетті. 
Түс қайта базар тарқай бастайды екен. Жұрт сирепті. Мен Василиймен қоштасып, әкемдер 
жаққа бара жатыр едім, таныс дауыс елең еткізді. Қарасам, сонау жылдары Үбианның 
бетін ашқан Өтеп ақын екен. Қасында ерген екі жігіті бар. 
Өтеп ат үстінде, тік тұрып жар салып келеді. 
Уа, жараңдар, жараңдар. 
Құлақ сап маған қараңдар. 
Қарагер атты жоғалттық, 
Кім көрді, қандай адам бар! 
Иесі мына ер жігіт, 
Жинайтын дәйім адал мал. 
Күміс жал, күржік желкелі, 
Құйрығы оның келте еді. 
Құлыннан қолда өсірген 
Қиқу көрсе көсілген, 


223 
Әдеби KZ 
Жүйрікке қошқар атаймыз 
— Табылса, сақтап кесірден, — деп тақпақтап, тәптіштен өтіп барады. Әлгі атын жоғалтқан 
кісі «бәрі дұрыс» дегендей бас шұлғи береді. 
Бері қайтқанда Өтеп енді сол жағындағы жігіттің өтінішін айтып жар салды. Ол жігіт 
әкесінің жетісін бермек екен, соған елді шақырыпты. 
Әкесі жақсы кісі еді, Жетпістен асқан мүшелі.Иманды болсын жарықтың, Нұр жұмақ 
болғай түсері. 
Кісі екен жүрер көпті іздеп, 
Тірлікте қалған текті із көп. 
Келіңдер, қырқын өткізбек, 
— Өтінді ұлы жеткіз — деп. 
Осыны айтып қан базарды қақ жарып өтіп барады. Мен «базар деген хабар-ошардың
жарлық пен жалпы жаңалықтың да орны екен-ау» деп ойлап ем... 
Біздер базардан ол-пұл қарыштап, Евгеньевкадағы Гончаровтардың үйіне келдік. 
Бұған дейін орыс қыстақтарында болған емес ем. Әйтеуір жыбырлаған үйлерге сыртынан 
қарап өте беретінбіз. Енді көшелерін аралап, үйіне де кірмекпін. Жол бойы біз базардан 
қайтқан евгеньевкалық тұрғындардың біразын басып оздық. 
Жолдың бәрі барынша сәнді киінген адамдарға толып кетіпті Екі еркек кеудесі алқам- 
салқам, шашы әбден ұйпаланған бір мас жігітті теңселтіп сүйреп барады. Анау болса 
тартыншақтап жүрмей, бар даусымен барқырап айқайлайды. Тіптен балағат сөз айтатын 
болуы керек, қыз-келіншектер құлағын басып зытып барады. Көкем әлгі масты таныды — 
«мынау бұзық Иван ғой!» — деді қасынан өте беріп. 


224 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет