Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет131/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   144
Әдеби KZ 
— Шал деп жүрсек, шағылмаған болат екен ғой, — десіп жұрт гулесіп кетті. 
Сөйткенше болған жоқ, екеуі бірдей біз жаққа ат басын бұрды. Енді ордан қарғуға 
таласқан сыңайы бар. Жантөре Аққұлды қуып жетіп, ордан қарғып кеткен. Аққұл атамның 
да аты секіре бергенін көргенбіз. Кенет ат та, шабандоз да көрінбей кетті. 
— Ох, тәңірім, жазым болмағай, — деп шу ете қалды жұрт. 
Бәріміз ат қойып жетіп келсек, алдымыздан жаңа ғана қопарылыс болғандай бір шыңырау 
шаңытып тұр екен. Шыңырау түбінен аттың қырқыраған үні естіледі. Атам су үңгіп кеткен 
апанға құлаған екен. 
— Тез-тез шылбырдың бәрін шешіңдер, — деді Жантөре жалма-жан оқыс дауыстап. 
Сол-ақ екен, Жантөренің алдына сусыған қыл шылбырлар үйіліп қалды. Жездем дәл бір 
жыланның ордасында отырғандай шылбырды жалғастыра бастады. 
— Бол-бол, тезірек қимылда. Ілмек жаса, — деп қасындағы Асқарды асықтырады. 
Бұл кезде апан аузындағы шаң сейіліп, түбі көріне бастаған. Кенет әлдекімнің даусы 
үрейлі шықты. 
— Ойбай-ау, Көкшолақ жауырынымен жатыр ғой! Төрт аяғы аспанға қарам тұр. 
Жантөре жалма-жан аттың төрт аяғына да тұзақ салып үлгерді: 
— Тартыңдар, тек көтеріңдер! — деп дауыстады. 
Қалың топ Көкшолақты қаңбақша көтеріп шыққандай болды. Денесін шаң басып, аузы 
көбіктеніп, тұяғы дірілдеп, басын көтере алмай, бишара Көкшол ақ теңкиіп жатты. Үлкен 
бадырақ көзі төңкеріліп, әлдекімді іздегендей көрінді.;— Жарықтық, иесін іздеп жатыр! — 
деді біреуі. 
— Эх-эх-эх-эх! — деп еңіреп жіберді Дембай. 


215 
Әдеби KZ 
— Ақырын, қарақтарым, абайлаңдар, алтындарым, — деп Жантөренің даусы төменнен 
қалтырап шықты. 
Қарасам бет-аузы қанға бөккен қыбырсыз Аққұл атамды құшақтап көтеріп келеді екен. 
Денем түршігіп кетті. Әлгінде ғана ат үстінде атой салып жүрген атамды дәл осылай қан 
жуып, шаңға көміліп жатады деп кім ойлаған? 
— Үймелемей аулақ тұрыңдар. Ауа жұтсын, — деп ақырды Жантөре. 
— Ой, ой, айналайын, әкетайым, — деп Жексембай зар еңіреп тұр. 
— Мына жерге жайғастырайық. Көкшолақтың қасында болсын, — деді Жантөре баяу 
үнмен. 
Суға кеткен шапқыншы да ауылдан оралды. Жантөре атамның басын сүйеп бетіне су 
бүрікті. Үлкен орамалымен қанын сүртіп, асты-үстіне түсіп отыр... 
Жасыл шалғын үстінде қорқыраған Көкшолақ пен оның иесі Аққұл екеуі қыбырсыз жатыр. 
Қалған жұрт жандарын шүберекке түйіп, тілеу тілеп қалтырап тұр. Іштей жылап 
тұншығады. Көлбей түскен күн сәулесі атамның денесінен аққан қанды күлгіндендіріп 
жібергендей, біртүрлі үрей тудырады. 
Аққұл әлі қыбырсыз. Жантөре басын сүйеп, кеудесіне құлағын тоса береді. Бетіне суық су 
бүркіп отыр. 
— Аққұл! Аққұл! — дейді қайта-қайта. — Естимісің мені?! 
Аққұлда үн жоқ. Осылай өткен үмітсіз көп уақыттың үрейін қуып әлден соң атамның ерні 
қыбырлады. 
— Ақкұл! Аққұл! Қалайсың! —дейді Жантөре дамылсыз дауыстап. Аққұлдың кірпігі 
қимылдап, көзін әзер ашты. 
— Сенбісің, шырағым? Қасымдамысың? 


216 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет