Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет130/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   144
Әдеби KZ 
көтермелеп барады. Жантөре атын құйындатып өте беріп, серкені атама лақтырып еді, 
Аққұл допша қағып алды. Сөйтті де, тай шаптырым жер құйындатып барып, қайта оралды. 
Сол екпіндеген күйі Аққұл атам да Жантөреге серкені атып жіберді. Жантөре де іліп алды. 
Әншейінде шал деп, шамасыз деп мүсіркей қарайтын мықты жігіттер мына екі 
ақсақалдың қайта түлегендей жанданып, жонданып кеткеніне аң-таң боп тұр. Не де болса 
айқас үстінде ақсақалдармен тіреспек болып шабандоздар қап қойып еді, екеуі 
қатарласатартысып, тағы да ордың арғы бетіне ырғып кетті. Қуғыншылар қиқуласып келе 
беріп ат басын амалсыз іркіп жатыр. Тек қана соңдарынан созылған шаң «ендігі кезек 
менікі» дегендей, тоқыраған ат легінен өте беріп ор үстін ақ түтінге көміп жіберді. Екі шал 
болса емін-еркін арғы бетте тартысып жүр. Өзгелер осынау қызыққа алыстан көз салып, 
амалсыз тыпыршиды. 
Қос шабандоз енді бір-бірінің намысын қайрап, әбден ұшқындап алған сияқты. Екеуден- 
екеу тіресіп, әбден сілкілесіп жан дәрмен жағаласқа еніп кетіпті. Аққұл атам көкпарды 
тақымына басып жүйтки жөнеліп еді. Жантөре ұзаққа жібермей жетіп қалды. Серкеге қол 
соза бергенде, Аққұл атам лып еткізіп тақымына ауыстыра қойды. Жантөре егес жетегіне 
еріп со бойда Аққұл атаммен қатарласа берді де, Көкшолақтың жалынан асып барып 
серкеге жармасты. Әріптесін екінші қапталдан күткен Аққұл атам бұлай боларын сезбесе 
керек, ерден ауа жаздап, серкені босатып алды. Жантөре сытыла бергенде атам қайта 
жармасты. Екеуі де ат басын еркіне жіберіп, тік тартысқа көшкен екен. Әрқайсысы ерден 
ауып, аттың өзін таяныш етіп тартысқанда,жүйріктер жантайып кетеді. Серкескі жүйріктің 
ортасындағы көпір сияқты керіліп қалған. Сәл босаса, аттар жамбастап құлайтындай. 
Айтқандай-ақ, кенет екі ат екі жаққа қаңғалақтап барып, аяғын әзер түзеді. 
Үстеріндегі шабандоздар үзеңгіге ілінген денелерін меңгеріп ер үстінде тік тұрысты. 
Екеуінің қолында да көкпар, екеуі де серкелі. 
Жұрт аң-таң. Сөйтсек, ұзақ сілкілесуге шыдамай серке екі бөлінген екен. Намыс кернеген 
қос шалды осылай бітістіргендей көрінді маған. 
— Не деген қайрат! 


214 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет