43
Әдеби KZ
— Бұл тәңірінің жер бетінде тірлік орнатқаннан кейін болыпты. Ол кезде жаратушы
адамзатты жарылқап, топан суынан да сақтаған екен, — дейтін әжем. — Адамдар «тәңір
жарылқасын» деген сөзді, алғыс айтуды білмесе керек. Күннің жылуын, самалдың
шипасын,
айдың ақ сәулесін, жер жемісін керегінше пайдаланғанымен, бірде-бір іш
жылытар ықыласты сөз айтпапты... Сондықтан қажыған Күн Алла Тағалаға арыз айтыпты:
— О, жаратқан ием, дамылдауды білмей, сабырлауды білмей, ұйқы көрмей, күлкі көрмей
тірлік үшін қызмет етем. Дүниенің түкпір-түкпіріндегі кеудесінде жаны бардың бәрін
шуағыммен қыздырам. Бір тал шөбінен бастап, жер бетінің бәріне шұғыла төгем.
Таң сәріден арай шашып ғаламды түнектен арылтамын. Бәріне нұр беремін.
Жарқырап
көрінгенімде, тірліктің бәрі жадырайды, күледі, қуанады, жұбанады. Суықтан тоңғандар
жылынады, жауыннан мас болғандар денесін құрғатады. Ал өзің өмір берген дүние бой
жазып керіліп, сәулеге көміліп, гүл шашағы өріліп мамыражай күйге енеді. Мен түн мен
түнек сияқты дүниеге
ауыр зіл, қоңырқай түр әкелмеймін. Мен өзіммен бірге күлкі мен
қуаныш әкелем. Мен барда қар еріп, сай-сала сылдыраған бұлаққа толады. Мен
бардабұтаққа бұлбұл қонады. Бірақ осыншама баға жетпес еңбегімді елеп бірде-бір тірлік
иесі алғыс 'айтқан емес. Мұндай әділетсіздікке шыдар шама қалған жоқ. О, тәңірім,
сондықтан мені бұл азабыңнан босат. Тыным бер, аздап тынығайын!
— Бара бер. Баяғы қызметіңнен танба, — депті Алла Тағала Күнге, —
мен сенің баға
жетпес еңбегіңнің алғысын немен өтеуді ойланайын...
Күн кеткен соң Алланың алдына Ай келіпті. Жадырай күліп, жарқын сөйлепті:
— О, тірліктің тірегі, бар әлемнің жүрегі — жаратушы ием, өзіңе тілекпен келіп тұрмын...
— Неден тарықтың, неден түңілдің, түн еркесі — алтын Ай.
-— Айналайын тәңірім. Сен маған көмескі нұр беріпсің,суық сәуле сыйлапсың. Күн көзі
жұмылған соң, зіл қараңғы түннің бар тұңғиығын жарық етем деп мен келем! Қара
аспанның қақ төрінде тұрып төңіректі мамық сәулеге бөлеймін,
адасқанға нысана
боламын... Бетімнен сәукелемді бірте-бірте ысырып, күн санауға, апта мен ай санауға