Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет35/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
* * * 
Ел «жаманшылық жылы» немесе «жылан жылы», «ашаршылық жылы» деп атаған сонау 
17-18 жылдардың ауыртпалығы есімде қалып қойыпты. 
Екі жыл қатарынан біздің жақта құрғақшылық болып, жерден дән өнбеді. Көктемнің 
өзінде-ақ көгеріс шөп қурап, айнала сартап болып сазара бастаған еді. Малдың аузына 
қорек ілінбей, cap даланы кезіп жүрді. Оның үстіне қыс та құтырынып келіп еді. Қолда 
қоры жоқ кісіде не шара болсын. Қыстың алғашқы күнінен-ақ мал бишара жаппай 
қырылды. Қора іші өлексе сасып қаңси берді. Қорадан мал, қолдан амал кеткен. Адамдар 
шамасыз, шарасыз қайғыға түсті. Осылайша олар келесі көктемді құр алақан жайып қарсы 
алды. Біздің малдан небәрі үш ешкі аман еді. «Жуанның созылып, жіңішкенің үзілер 
шағы» түскенде сол үш ешкінің шандырын тартқылап амалдадық. Аз ғана сүтке су қосып 
ағарған атын көбейткен боламыз. Шалап болса да, талшығымызға жарайтын сол еді. 
Кейде әкем үй мүліктеріне айырбастап бірер қадақ үн әкелсе, быламық көже ішіп 
көтеріліп қаламыз. 
Сол жылы көктемде Бурное станциясына шойын жол тартылды да, бұл жер сауда- 
саттықтың қызу орталығына айналды. Әкем жарты пұт ұн, бірнеше қадақ құмшекер 
тапқан еді. Станциядан жатақ үй қарастырды да, көкем мен әжемді сонда орналастырды. 
Сөйтіп әлгі үн мен шекерді әжем мен көкем базарға сатып азын-аулақ пайда түсірмек, 
әжем мені өзімен бірге ала келді. Еңселі үйлерді, ығы-жығы көшені, сапырылысқан сан 
халықты, ауқымды құрылысты алғаш көргенім осы еді. Бұрын есектің ақырғанынан күшті 
дауыс жоқ деп жүруші едім. Сөйтсем, паровоздың жай ысқырғанының өзі құлағыңды 
бітеп жіберердей ащы келеді екен. Бір күнде көрген жаңалығым мен әртүрлі әсерден 
қатты шаршаппын. Ауыл мен станция арасы төрт шақырымдай еді. Мені шаршатқан 
жолдан бұрын жолай көрген қызықтарым сияқты. Әкем бізді әкеп салды да, қайтып кетті. 
Әжем болса бірден өз тірлігін қамдастыра бастады. Мені төсекке жатқызған соң, өзі үн 
мен құмшекерді араластырып жент жасай бастады. Әжемнің қимылына көз салып жатып 


54 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет