50
Әдеби KZ
* * *
«Соғыс» деген сөзді қашан естігенім жадымда жоқ. 1916 жылдың оқиғаларын дәлме-дәл
елестете алмаймын. Әйтеуір әйелдердің жас төккені, ерлердің үрейлі жүзі, күннің
тұтылғаны көз алдымда.
Елге келген жолаушылар «Жұмысшылар алып жатыр! Жұмысшы қолы керек екен! Ор
қазуға жұмсайтын көрінеді! Жер қаздырады!» деген суық хабарларды қаптатып жіберген.
Әлі ауылдан ешкімді шақыртпаса да, әлгі хабарлардың өзі-ақ көзге жас, көңілге қайғы
әкеле бастаған еді.
Күні бұрын күңіреніп зар илегендер де табылды: «Енді қайтем, қарағым-ау? Соғысқа сені
де шақыртар күн жеткені ме шынымен... Жарығым-ау, қандай амал табайын», — деп
еңіреген
аналардың көз жасын көргенде, жас жігіттер абыржып, еркінен айрылып
қалғандай болушы еді. Күңіренген ауылда күй болар ма. Бұрынғы ән-жыр
төгілетінкөмейлерден зар шертілсе, ауылда не сән болар. Күндіз-түні қабақтары ашылмай,
мойындарына бұршақ
салып тілеу тілеген әжелер, бебеу қаққан аналар, мұңайған жас
келіншектер бар тірлікті ұмытқаны сонша, мал-мүлік тұрмақ, біз сияқты бала-шағалар да
назардан тыс қалып қойып едік. Амал таппай бастарын тау-тасқа ұрған ерлер алдымен көз
көрмес жаққа көшпек болды. Онан соң әскерге адам жинаушылармен белдесіп
ұрыспаққа бекінді... Одан болмаған соң жас
жігіттерді жекжат-жұраттарына, туған-
туыстарына, нағашыларына жедел жөнелтіп жатты. Бұл аласапыран бірнеше күнге
созылды. Үлкендер әлдеқайда бір жиынға барып, суық хабармен оралып жүрді. Ақыры
әйелдер көз жасын тыйып, белдерін бекем буып, үй басынан қаржы жинай бастады. Шөп
тартып жігіттердің бағын сынауды шығарды. Сонан соң шөп түскен
жігіттерді ауыл боп
улап-шулап станцияға аттандырысатын. Кешке қарай әлгі «әскерге алынғандар» қайтып
оралады. Еріп барған ел жақсылары «жастарды бастықтан құн төлеп алып қалдық»
дейтін. Қайтадан түңлік басы әскерге берер адам іздеуге көшкенде, ауылдан он жігіттің
орнына жалғызбасты Қожамқұл жарлыны ғана бодау ететін.
Оған жылы киім кигізіп, үй
басы қаржы жинап, көп болып станцияға дейін шығарысады. Тап сол күні кешке күн