52
Әдеби KZ
шағынып айтыпты. Ауыл адамдары бас
қосқан жерде сол хатты оқып, көздеріне жас
алысатын. Әркім жаттап алып елден-елге таратып жіберген еді.
Мен әлі күнге дейін Қожамқұлдың сол хатынан кейбір жыр жолдарын ұмытқам жоқ.Кір
жуып, кіндік
кескен жер, аман бол, Шортандай жүзген айдын көл, аман бол!
Бір басы ер жігіттің не көрмейді
Келгенше біздер қайтып ел, аман бол!
Не келіп, не кетпейді ер басына,
Ермейді ер жігіттің ел қасына.
Келерміз төрт-бес айда елге қайтып,
Аз уақыт ойнап жүріп ор басында.
Қожамқұл хат танымайтын. Оның үстіне жыр шығарып көрген емес. Шамасы окопта
жатқан қазақтар елін сағынғанда елжіреп отырып бірігіп өлең жазса керек.
Жазу білетін
біреуі қалаған кісінің бәріне көшіріп берген сияқты. Ел сүйген азаматтардың осы бір
шынайы жыры бала күнімнен жүрегімде қалып қойыпты.
Бүкіл ауыл болып Қожамқұлға қаржы жіберіп тұрды.
Айтқандай-ақ, бір жылдан соң ол
елге
аман-есен оралып, баршамызды қуантқаны бар. Әр үй кезекке тұрып. Қожамқұлды
таласа қонақ ететін болды. Жаз бойы біздің ауылда сыйлы адам болып жүрді де,
кейін
сый-сияпат жиып алып, өзінің қара жұмыста бірге болған тағдырлас жолдастарының еліне
аттанып кетіп, содан қайтып оралған жоқ.
Алғашқы империалистік соғыс жайлы менің есімде қалғаны осы еді.