93
Әдеби KZ
Әкем айқасты тоқтатуға белгі береді. Ат айылын босатып, дауласқандар екі күн ойлануға
мұрсат алады. Үшінші күні Нұрбай ауылынан шабарман келді. Біздің адамдар қайта кетті.
«Ата жолын аттап өтіп, баба салтын бұзғаны» үшін әкем Нұрбайға
азын-аулақ ат-шапан
айыбын төлетіпті. Ал байғұс Зәпира лажсыз сағы сынып, тұншыға қайтып келді.
Ағайым өмір бойы мақтанатын. Жалғыз Дәулет пен Нығмет әулетінің намысын ғана емес,
бүтін аз ғана Үсен руының да арын сақтап қалдым деп көрінген жерде күпінетін. Әкем
оның бұл қылығын жақтырмаушы еді. Қарт Нұрбайға қол көтергенін кешірмейтін.
— Ұрғаныңа ұлдары да жететін еді ғой, — дейтін жем кейісті үнмен. Ат астында аунап
жатқан Нұрбайдың аянышты жүзі жүрегінде ұмытылмас бір түйткіл қалдырған-ау,
шамасы.
Зәпираның сол
бір қайғылы оқиғасынан кейін, мен оны екі жылдан соң көрдім. Баяғы
батылдықтан, еркіндік пен өжеттіктен жұрнақ та қалмапты. Қатты шөгіп, ауым-сауым
халге түсіпті. Шамасы, бұрынғыдай бой түзеп, таранып, жинақты жүруді де ұмытқан-ау.
Басындағы ақ жаулығы да бозарып бітіпті. Жүрісіндегі өзіне тән ерке қимыл суға түскен
кесектей еріп кеткен сияқты. Жәудіреген мөлдір
жанары бұрынғыдай нұр шашпай,
жасаурап, солғындап кеткен. Айналадағының бәріне өшіге, жанымен жек көре қарайтын
сияқты. Жұрт енді ол безілдеген Анаргүлдің жыбыр-жыбырына көніп болған, тіптен күйеуі
дауыс шығарып, қол көтеретін де болыпты деп жүрді.
Осылайша қалыңмалдың қара күші, ескі әдет, тырнағы у боп жабысқан ру қатынасының
ұзын қолы асау Зәпираның алқымына да бұғауын мықтап салып бұрап тастаған еді.
Жанындағы жарқын нұрды өшіріп, үлкен сезімнің тамырын қиып біткен болатын. Енді
жайнап тұрған гүл емес, күздің күлгін жапырағындай күн сайын солып барады екен.
Зәпира да әйел басына түскен езгіні үнсіз көтеріп жүре берді...
1943
жылы ауылға демалысқа келгенде, қайтыс болған бір ағайынымның үйіне көңіл
айтуға кірдім. Сырттан елдің ең соңы болып белі бүкшиген, кір орамалы көзіне дейін түсіп
кеткен бір әйел келді. Алғашында кім екенін танымай қалып, сәлем беруге орнымнан тұра