Әдеби KZ — Айналайындар, алысырақ ойнаңдар. Меймандар көрсе, ауылының балалары бейбастақ
екен деп кетер. Ұят болады, — дейді. — Бара қойындар! Топырламаңдар!
Әйелдер жағы бізге көз қырын да салар емес. Бәрі асығып, дастарқан көтеріп, кесе
шайып, қазан басында күйбектесіп жүр. Қасына бара берсең, тезірек құтылғысы
келгендей қолымызға үн-түнсіз бауырсақ, тәтті қыстыра салады. Біз өзара күбірлеп
сөйлесіп кете береміз.Таң атты. Жаңа ауылдың қазаны елден бұрын көтеріліп, ошақ түтіні
елден бұрын өрледі.
Ел тірлік қамына кірісіп, жаппай қарбаласқа көше бастаған кез...
Қонақтар баппен тұрып, бастау жаққа бара жатыр. Мөлдір суға кезектесіп бет жуысып
сергіп қалады. Сонан соң маң-маң басып маңғаз жүріспен өздері түскен үйге беттеді. Біз
де солардың соңынан ілесіп жақындай береміз. Қонақ көзінше үлкендер ұрыспайтынын
әрқайсымыз жақсы білеміз. Алайда меймандарға сездірмей ала көзімен бізге қараған
ауыл жігітінің сусынан шошып шегіншектей береміз.
Меймандар керіліп-созылып үлкен сәскеде дастарқанға әрең отырысады. Шайды асықпай
сораптап, бір-біріне оқта-текте еріншектене тіл қатысады. Бәрі маңғаз, бәрі кербез сияқты.
Сызданып отыр. Шайдан соң қымыз келеді. Қымызды да салғырт отырып, самарқау
ішіседі. Асығар жайы жоқ, уақытты үнсіз ұтқан сыңайлары бар сияқты. Кешегі даурықпа
сөз, дабыра мінездің бірі де жоқ. Бәрі әлдебіреуді сарғая күтіп жатқандай. Ол кім? Ол
күткендері сәті түскен кез, сапарға шығар уақыт, сағыныса көріскен жаңа қонақтар ғой
ысып барады. Әркім киіз үйдің іргесін түріп жатыр.
Біз енді-енді айқын көрдік. Жұқа шапанын иықтарына желбегей жауып қаз-қатар
жастыққа жантайғандар...
Күн түстен ауа бастады. Ауылдың ошақтарынан тағы да түтін шұбалып, көпке көтерілді.
Әр үйдің алдында самауыр сақылдайды. Қонақтар шайды рахаттанып ұзақ ішті. Онан соң
алдарына ет келеді. Табақ тартқан жігіттер қаз тізіліп, әр үйге кіріп жатыр. Әңгіме аздап