Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет77/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
жанданған сияқты. Бірақ кешелі бері осынау бір сарынды сабылыс біз сияқты ерекше 
қызық күткен балаларды жалықтырып жіберіп еді. 
Уақыт өтіп барады. Күннің қызуы тарап, ауа қоңыр салқын тарта бастады. Міне, ақыры 
сонау алыс көкжиектен әлдекімдер көрінді. Бұлар қызыл-жасыл киінген қонақтар екен. 
Көрші ауылдардан келе жатқандар. Енді екінші жақтан бір топ аттылы кісілер көрінді. 
Тағы бір қарағанымызда ауылдың тұс-тұсынан бізге қарай жақындап келе жатқан жарқын 
топ бүкіл даланы гүлге бөлеп жібергендей еді. Сол топ дөңгелене келіп мынау ортадағы 
жаңа отауды алақандарына көтеріп, ауыл қызығын асқақтата түсетіндей сезілді. Біз әр 
жаққа бір қарап қарық боп қалдық. Ауыл адамдары қонақтарды құрметпен қарсы алуға 
сақадай сай тұр. Міне, екі жақ құшақ жая қауышып өтті де, күлкіге күлкі, тілекке тілек 
ұласты. Әйелдер жағы көрісіп, ерлер жағы қол берісіп, тос тиістіреді. 
— Тойларың құтты болсын! 
— Тойларың тойға ұлассын! 
— Ауылдарыңнан той үзілмесін! 
— Ниеттерің баянды болсын! 
Осылайша тілек білдіріп жадырасқан меймандарға ауыл адамдары да жауап қатады: 
— Өздеріңмен бірге болсын! 
— Айтқандарың келсін! 
— Өздерің де осындай тойға жетіңдер! 
— Өмірлерің тоймен өтсін! 
Сыңғырлаған шолпы үні, жүрекке жұмсақ күміс күлкі, жібек көйлектердің сусылы, бұрала 
басқан қыз толқыны кешкі ауылды көріктендіріп жіберді. Бізге әйелдер жағы жай 


116 
Әдеби KZ 
сөземес, — әуезді ән салғандай, жай ғана қаражаяу жүріспен емес — толқын үстінде жүзіп 
келе жатқандай сезілді. 
Әйелдер жағы алдымен қалыңдықтың отауына бас сұғады. 
— Бақытты бол, бағың ашылсын! 
— Әр күнің бүгінгідей ашық болсын! 
— Басыңнан жақсылық кетпесін! 
— Босағаң берік болсын! 
— Үйің қуанышқа толсын! 
Әпкем бәрінің де ықыласына риза болып, шын жүректен алғыс айтады: «Жақсы сөз жан 
семіртеді, құлақ құрышын қандырады, үмітіңді үдетеді, жүрекке қанат бітіреді... 
Сендердің жарқын жүздеріңе көз тойдырар емеспін. Жақсы сөз жарым ырыс дегендей
айтқандарың келсін. Өмір бойы ұмытпаспын сендерді». 
Сонан соң әйелдер жасау көруге кіріседі. 
Ерлер жағы алыстан-ақ аттан түсіп, күтуші жігіттерге тізгіндерін ұстатады. 
Мен таныс жүз кездестірем бе деп топ жігітке көз тастап едім, бәрі де бір-біріне ұқсас 
сияқты көрінді. 
Жігіттер жағы дабырласып асыға бастады. 
— Аққұл келеді! Аққұл келеді. 
Аққұл құндыздай жылтыраған, қысқа жал, келте құйрық боз айғырмен келеді екен. 
Кәдімгі «ор текедей орғыған жүйрік» деп атайтын әйгілі сәйгүлігі. Қасына отыздағы үлкен 
ұлы Асылбай мен Тінәлі нағашым еріпті. 


117 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет