Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет79/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
қасиет. Аттың демі ауырлай бастағанда, тіптен өзіміз демімізді ішке тартып тына 
қалмаушы ма едік. Ал бұлар болса... Ей, қойшы... не боп кеткен бүгінгінің жасына. Жоқ, 
Момыш, бұларға қарабайыр сайгүлікті қор еткенше, есек пен өгіз міндірген артық. Сонда 
ғана көкпар деп өзеурей берер бұл шіркіндер. Ер үстінде отырыстарын қарашы өзің. Ай, 
жастар-ай! 
Тінәлі әкем жаққа жалбарына көз тастап, мына ардақты ақсақалдың оу бастан дау іздеген 
сөзіне тоқтау салуды ымдап тұр. Әкем бір күліп алды да. Аққұлдың әлгіден бергі ұзын 
сөзін бөліп жіберді. 
— Жастар дедің-ау, Аққұл. Жастың аты жас емес пе қашанда. Жазғырмай-ақ қой. 
Заман басқа, адам басқа екенін неге ұмытасың. Заман жастардікі. Ойнасын, күлсін, әрі 
арғымаққа отыруды да үйренер, өмірлерін жайнатуды да білер. Бары мен нәрі алдағы 
жас емес пе. 
Аққұл әкеммен қайта сөз таластырмақ еді, Тінәлінің ымдауымен алып келген көк серкені 
бір жігіт оның алдына көлденең тарта қойды. Әкем алақанын жайып бата тіледі. «Ал 
аумин, Ақа» — дегенде Аққұл шынымен-ақ абыржып қалған еді. 
Бір сәтке сақалын тарағыштап тұрды да, алақанын жайып бата жасады. 
Тәңірім тілеулеріңді берсін, қастарыңа қыдыр ерсін. Қашан да оң жол болсын, 
қызықтарың мол болсын. Ат-көлігің мұқалмасын, азаматтар жұқармасын, аумин! 
Сол сәтте көкем аса бір ептілікпен көк серкені жыға салып, тамағын орып жіберген еді. 
Әкем Аққұлға қалжыңдай тіл қатты: 
— Сен бүгін, делебең қозып, қыза берме, Ақа. Жастарға ерік бер. Әйтпесе көкпардың 
пұшпағын да ұстай алмай жүрер. 
— Күш атасын танымас демей ме, Момыш-ау. Жағаласып жүріп бұлар көкнарға 
жармасқанына мәз ғой. Әйтпесе қалбақтай шауып дүркіремей, қайратым бар деп қара 


119 
Әдеби KZ 
күшпен сілкілемей, еппен тартқанды білер деймісің бұлар шіркін, он кісінің ортасына 
түссең де, оңайлықпен беріспей, күшіңе айланы астар етіп сытылып шыққанға не жетсін. 
Қалың топ қаңтарылғандай қарап қалар еді, сен болсаң жарып өтіп көмбеге қарай көсіле 
берер ең. Қайран заман-ай. 
Осы кезде көкем: 
— Ақа, көкпар дайын болды, — деді. 
Сол-ақ екен, Аққұл айтып тұрған әңгімесін ұмытып, арқасы қозып шыға келді. Қомданған 
бүркіттей көзі жайнап, жүзі албырттанып қиқулап тұр: 
— Ой, Момынқұл, сен де ыбылжып қалған немесің бе деймін, тәйірі. Қашанғы күтеміз. 
Манадан бері қарап тұрған жоқпыз ба, — деп лезде көкпар құмарына біржола еніп 
алды.Көкем Аққұлға қатарласа жүгіріп серкені сүйреп барады. Ат үстіндегілер жаппай 
қиқуласып, лап қойып келеді. Ауылдан аз ұзаған соң шабандоздар сақинаша дөңгеленіп 
тұра қалды. Ортада серкенің сирағынан ұстаған көкем. Кенет ол серкені тік көтеріп алды 
да, Аққұлдан ұзай беріп лақтырып жіберді. 
Сол-ақ екен, қасқырға құйылған қырандай Аққұл ілгері ұмтыла берді. Жардай үлкен 
шалдың жинақыланып бір уыс боп кеткеніне таң қалдым. Денесі шиыршық атып, әлгі 
серкені жерге жеткізбей қағып алды. 
— Пау, шіркін, — деп шу ете қалған шабандоздар дауысы сайыс аңсаған сұңқарлардың 
үніндей шаңқ етіп еді. Аққұл болса, ортада шыр айналып сайыс әдісін жастарға жария 
еткендей өзімен-өзі егесіп өнер көрсете бастады. Көкпарды ат бауырынан ары-бері 
ауыстырып, қарсыласын айламен алдағандай болады. Біресе ерден ауып түсіп, ат 
сауырын сағалайды. Тағы бірде ат жалына жабысып, қуғыншыдан құтылғандай болады. 
Бозшолағын ұршықша үйіріп, топ ортасында жас жігіттей ширақ дөңгеленіп жүрген 
шалдың қимылына қызықпаған жан жоқ. Тіптен көкем қасымда тұрып қайта-қайта 
айқайлайды, жер тебініп құлшынады. Ол өзін де, өзгені де ұмытып, бар дүниені көкпар 


120 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет