Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет106/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   144
Әдеби KZ 
— Солай жөніңе көш, — деп торсылдады Аққұл, — әйтпесе бүйірден сүзбелеп біттің ғой. 
— Біздер қарапайым орыс адамдарымен қатынасымызды қалайша бауырларша жақсарта 
аламыз? Тимофей Водопьянов сіздің досыңыз деді ғой, Ақа? Сол рас па? 
— Тимошка ма?.. Ол әділ, жақсы адам. Ал, керісінше оның туысы жирен Иван — жаман 
адам. 
— Ал біз Кузьма Гончаровпен бірге жер жыртып, бірге шөп шабамыз, бір-бірімізді қонаққа 
шақырып тұрамыз, — деп қалды әкем, — менің інім Гончаровтардан көп шаруаның мән-
жайын үйренді... 
— Жагор (Егор) маған қиын-қыстау кезеңде көмектесті, — деді Тоқмырза... 
— Ал менің Метрейім (Дмитрий) үй салуға көмектесті... 
Садық күліп қойып, осынау жылы сөздерді жымия тыңдап отыр. 
— Тимошка, Кузьма, Жагор, Метрей, тағы басқалар өздеріңіз айтқандай жақсы адамдар 
екен. Ал Тимошканың туысы ғана жаман адам боп шықты ғой солардан, — деп күлді 
Садық. Сөйтті де Аққұлға бұрылып сауал берді. Ал сонда орыстарда қанша жақсы адам 
бар екен, қаншауы жаман болғаны? 
— Жақсыларының көп болғаны ғой. Сол жирен Иванды қойшы! — деп бұрқ етті 
Аққұл. 
— Ал өзіміздің қазақтардың арасында сол жирен Ивандай желіккендер қанша екенін 
білесіздер ме? 
— Несін айтасың оның, — деп сөзге араласты Тоқмырза, — бізде де есерсоқтар жетеді 
ғой. 
— Ақылға салып көріңіздерші, — деді Садық, — толғанып, кеңесіп, өздеріңіз ара 
қатынасты қалай жақсарту керек екенін айтыңыздаршы. Рас, анау айтқан шиеленіскен 
жағдай болмағанымен, кейбір адамдар келісті тірлігімізді бұзып жүр ғой... 


173 
Әдеби KZ 
Сіздермен ақылдасайын деген тағы бір жай — жер мәселесі еді. Бізде жер көп, бірақ соны 
пайдалануда береке жоқ. Ленин — кім жақсы пайдалана білсе, жер соныкі дейді. Ал біз 
ше? Біреудің жері шамадан тыс көп, енді біреуде тук те жоқ. Осы да әділдік пе? Міне, осы 
жайлы сіздерден салауатты ақыл күтемін, ақсақалдар. Ойланып-толғанып, кеңесіп-келісіп 
екі-үш күннен кейін қауым атынан жауабын берсеңіздер деймін.— Сенің айтқаның жөн, 
Садықжан, сенікі жөн, — деп гулесіп кетті жұрт. — Ленин әділ бөлейік десе — болу керек. 
Бізге біраз күн мұрсат бер, кеңесейік те өз тоқтауымызды айтайық... 
Бұдан кейін Садық өзінің түрмеде болғанын, Сібірде айдауда жүргенін, 1916-жылғы қазақ 
көтерілісі жайлы байыппен айтып берді. Өзінің орыс жолдастары туралы жылы лебіз 
білдірді. 
Мен әкемнің тізесіне жантайып, демімді ішке тартып, үнсіз ұйып тыңдап отырмын. 
Алайда бала қиялым барлық жайды толық түсінбей, әңгіменің оқиғалы жағына ойыса 
берді. 
Мен Садықты екінші рет 1924-жылы мектепте оқып жүргенде көрдім. 
Садықты үйіміздің қарсы алу мен шығарып салу сәті әлі күнге дейін есімнен кетпейді. Бұл 
бір ең қызықты сәт еді. Осы кеште ағайым тамаша ұйымдастырушы атанып, содан бастап 
үй тірлігінің тауқыметі өз қолына көшіп еді. 
Жиналыстан кейінгі көкпар сияқты кеш бойы, түнімен сол кездесуде Бірінші Май 
құрметіне ән айтылып жүріп еді. Содан бастап бұл күн біздің ауылда дәстүрлі мерекеге 
айналған болатын. 
* * * 
Көкем қыстаудағы шаруашылығына күнде барушы еді. Әлденені тындырып, түскі асқа 
келіп қайтатын. Бүгін де түскі тамақтан кейін азғана мызғып алмақ болып жатқан. 
Шаршап келген бе, лезде ұйықтап та кетті. 


174 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет