175
Әдеби KZ
Көкем сыртқа шықса, лезде түтіп жеп, көк ала қойдай етпек.
Оқалақ тиген малдай отауға сүйкеніп, үй ішінде ұрыс салған адамдарды бүкіл жұрт
айыптайды. Әруақты қорладың, от басының ырысын шаштың, ошағымызды бұздың, ата-
баба ардақтаған төрімізді сыйламадың деп кінәлайды. «Торғай да бұтаны паналайды, ал
сен болсаң үйге тығылған адамның өзін өкшелеп қоймайсың.
Көргенсіздің ісі ғой
мынауың» дейді ел-жұрт.
— Ер болғаныңды ұрайын! Сужүрек! Қорқақ! — деп жұлқынды жалпақ бет, жайын ауыз
Жақсыбай. Ол Аққұлдың үлкен баласы еді.
Бет әлпеті өзгеріп, түсі бұзылып, онсыз да
келісімсіз өңі адам көргісіз болып кетіпті. f\sМына сөз өзге түгіл, жас болсам да жанымды
жыланша шағып алды. Ішімді у өртегендей күйіп барам. Бойымдағы қорқынышты жеңіп,
тысқа жүгіріп шықтым. Мынау анталаған ашулы топқа:
— Көкем қорқақ емес! Ол ұйықтап жатқан болатын. Қазір киініп шығады! —дедім кіжіне
сөйлеп.
— Әй, қаршадай болған жүгірмек, шіңкілдемей мұpныңның боғын сүртіп ал! — деп баж
ете қалды Жақсыбай. Оның үрейлі түрінен шошынып, үйге қайта қойып кеттім.
Көкем сырттағы өзіне айтылған былапыт сөздерге әзер шыдап асыға киініп жатыр екен.
— Қазір! Қазір! Асықпасаң, салпы аузың қанға толар! — деп тістеніп алыпты. — Үй ішінен
қолға ілінер нәрсе іздеп еді, көзіне ешнәрсе түспеді. Көп кідіруге шыдамай құр қол жүгіріп
шықты.
— Міне, мен де шықтым, не боп қалды, — дей бергенше, Аққұл тобы әй-шайға қарамай,
сойылды басына жаудырып жіберді. Айқайлап, шулап, бастырмалатып төпеп жатыр.
Аққұл болса, өз тобына сүйсіне қарап, одырайып бір шетте тұра берді.
Көкем болса, жауып
кеткен таяқтан басын қорғап, кез келгенін аяғымен тепкілеп жүр.
Менің көмейіме тас тығылғандай ызадан булығып, өзіммен-өзім іштей арпалысып
тұрмын. Болысайын десем, мына жұлқынған топтың аяғының астында тапталып қаларым