Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет127/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Қолайлы кезді күтіп тұрып, енді ішке енген сияқты. Көкемді көре сала, Айша әпкем 
қайтадан ісөзі мен сөзіне ерік берді. 
—Бері келіп отыршы, құлыным. Қасыма отыршы, жаным, — деп жаулығының ұшымен 
көзін сүртті. Қолындағы кесені ұсынды: — Мә, Момынтай, өз қолыңмен шай құйып берші, 
бауырым.Әпкесі мен інісі осылайша ұғысып, табысты. 
Көкем кесені құрметпен алды да, қол қусырып қайта ұсынды. 
Мұнан кейін әпкем еліне кеткенше біздің бәрімізді бір шыбықпен айдағандай әмір беріп 
отырды. 
— Бұл шаңырақта дүниеге ең алғаш өзім келгем. Қуанышты ең алғаш әке-шешеме өзім 
бергем. Ең алғаш аялағаны да өзіммін. Сондықтан менен үлкен қайсың бар, кәне? — 
дейтін әпкем. 
Біздің үйдің адамдары бұл сөзге дәлел таба алмай, бәрі де осы тәмпіш кемпірді құрақша 
жапырылып күтетін. 
* * * 
Жантөрелер үйімізде бір түнеген соң, қолға тимей кетті. Әр шаңырақ шақырып, мал 
сойып, мамыражай болып күтеді. Біз меймандардың шашбауын көтерісіп топталып 
ілесеміз. 
Аққұл атамның немере інісі Дембай ұлды болды. Осынау жалпақ бет, үйрек тұмсық, 
жирен сақал, қисық аяқ қысқа кісі мен дүниеге келмей тұрып үйленген екен. Әйелі ұзын 
бойлы, арық келген сіріңке қара кісі. Ауыл әйелдері оның бойына қарай «сырық» деп атап 
кеткен. Көп уақыт бала көрмей, нәресте сүймей, екеуі де әбден қайғырып жүреді екен. 
Құрсақ көтергеннен екеуі де құрақ ұшып, тәңіріне күні-түні жалбарынып жүріп көрген 
жалғыз ұлы осы. Бұл қуанышты күнге жеткенше екеуі қанша толқып, қанша дегбірі кетпеді 
дейсің. Түн ұйқысын төрт бөліп, тілек тілеген кезеңдері де болыпты. Содан әйелі толғатып 


209 
Әдеби KZ 
босанар күні Дембай бүріскен торғайдай үй сыртыңда бір уыс болып үнсіз отырып 
алыпты. Іштегі әйелдердің бірі жүгіріп шығып, «ұлды болдың, сүйінші» дегенде 
Дембай әлгі әйелді қалбалақтап кеп құшақтай алыпты да, мойнына асылып емірене егіліп 
жылапты. Көптен күткен қуанышын ол осылай жария еткен екен. Мұны көрген өзге кісілер 
де шыдай алмай, қосыла жыласа керек. Дембайдың қуанышын құттықтауға да мұршасы 
келмей, ықыластарын шын пейілден шыққан көз жасымен көрсетіпті. Басына күтпеген 
жерден қона салған мұнша бақытты көтере алмай есеңгіреп қалған Дембай далбалақтап 
әркімді бір құшақтайды. Әркімнен бір сұрайды: 
— Шын айтасыңдар ма, жұртым-ау? Әке болдым ба, шынымен? Ұл көрдім бе? Үмітім 
жанғаны ма, халқым-ау! Е, айналайын жаратқан нем, көз жасымды көрген екенсің ғой. 
Жарылқадың ба, шынымен! Тоба! Тоба! — деп ол әркімнің кеудесіне басын сүйеп тұрып 
алады. 
Біздің ауылға да сүйінші сұрап, елбе-делбесі шығып, бір бала жүгіріп келді. Әр сөздің 
аяғын жұтып, ентігіп әрең тұр. «Сү-сү-йінші! Сүйінші!» «Де-ем-бай кө-кө-ем ұлды болды» 
— деп әрең айтты. Сонан соң ол Айша әпкеме тілегін білдірді. 
— Аққұл атам сізге сәлем жолдады, Айша апа. Өзіңіз кіндік шеше, ал Жантөре жездем өкіл 
әке болсын деп сұранды... 
Біздің үй тайлы-тұяғымен көтерілді де, Жантөре мен Айша әпкеме еріп Аққұлдың ауылына 
бет алды. Ауылдың ошағынан будақтаған түтін молайыпты. Шамасы, шілдехана тойын 
бүгіннен бастамақ сияқты. Бір-екі жігіт үй арасында қой сүйрелеп жүр. Біз салтанатпен 
сабырлы келе жатқан Айша апамның қатарынан озбай әрең шыдаймыз. 
Аққұл ауылының адамдары түгел жиналып, бізді күтіп тұр екен.Әйелдер абыр-сабыр 
болып, әр үйге жүгіріседі. Әйел қауымы қашан да осы ғой, шіркін. 
Қайғы болса шын жүректен қайғыра алады, қуаныш болса бар ықыласымен қуанады. 
Адам көңілінің айнасындай ғой әйел деген. 


210 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет