Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет72/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   144
Әдеби KZ 
Той болатын күн белгіленіп, шақырылатын жегжаттарға хабаршы жіберілді. Тойға екі апта 
қалғанда Үбиан ағайын-туған, жегжат-жұрағаттармен танысуға аттанды. Әпкемнің қасына 
екі жігіт, үш келіншек ерді. Байқап отырсам, осынау дәстүрдің үлкен мәні бар екен ғой. 
Аулынан аттанып, қызықты дәуренімен қоштасар алдындағы қыздың ең соңғы рет емін-
еркін салтанат құруы сияқты екен бұл. Бұдан кейін өз бетінше отау тігіп, өз түтінін түтететін 
кез туады. Танысқан қыз әкесінің үрім-бұтағын түгел қалдырмай аралап, қайта 
қауышқандай, қайта табысқандай боп аттанады. Біздің де араласқан адамымыз, тараған 
бұтағымыз мол еді...Әкемнің төрт әпкесі,әжемнің екі інісі, нағашыларым, әкемнің 
нағашылары, өгей шешеміздің туысқандары, аталас ағайындарымыз алыс-берісі бар 
жегжаттары — міне, осының бәрі Үбианның серуендеп қайтар өрісі болатын. 
Аттанар алдында әжем ауылдың қыз-келіншектерін, бар әйелдерді шақырып, қыз 
жасауын қызықтауға шақырды. 
Күн ашық еді. Ауылдағы бар әйел біздің үйге ағылып келіп жатты. Тегіс жиналған соң 
өзара шай үстінде ақылдасып, жасау жияр отауды ауыл шетіндегі көк шалғын аланда тігуге 
келісті. Үй тігілген соң әйелдер біртіндеп жасауларды апарып көгалға жағалай жая 
бастады. Алдымен әжемнен келе жатқан үлкен кілем жайылды. Кілемнің өрнектері күн 
көзіне мың құбылып айналаға әр бергендей. Оның қасына кішірек кілем жайылды. Бұл 
шешемнен қалған кілем еді. Отаудың өзі арнайы тігілгендіктен бе, ішіңдегі басқұр, уық, 
бауына дейін көз тартады. Алты қанат ақ отау ашық күнде ерекше әсем көрінеді екен. 
Жасау-жабдық түгелденіп болған соң, әпкемді ертіп келді. Ауылдың үлкен жеңгесі 
алдынан қарсы алып, қолтықтады да, отауға қарай беттеді. Осы сәттегі әйелдердің 
толқуында шек жоқ еді. Бәрі қыбырсыз тына қалды. Демдерін іштеріне тартып салтанатты 
сәт күткендей, кейбіреуі көзіне жас алып жатыр. Әлгі үлкен жеңгеміз босағаға 
жақындағанда Үбианға тіл қатты: 
— Отауыңа оң сәт тілеп, есігін аштырғалы тұрмыз, еркежан. Отауың бақытқа толсын
иелері қайғысыз болсын. 


109 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет