Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет73/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Даусы біртүрлі қалтырап шықты.Әпкем босағадан бірінші аттады. Қалғандары соңынан 
еріп, ішке енген соң әпкемді құшақтап, игі тілектерін білдірді. 
Байқасам, әпкем жылап тұр екен. Бұл елден кетерін сезген қыздың қимас көңілінен 
шыққан жас па, әлде ағайынның ықыласына деген ризашылық жасы ма, ол жағын аңғара 
алған жоқ едім... 
Сәлден соң әйелдер үйге үлкен екі сандық алып кірді. Іші толған асыл бұйымдар мен 
қымбат киімдер екен. Төрдің бір бұрышына апарып сол көйлектерді шығарып ілді. Іргеге 
әшекейлі ағаш төсек құрылды. Оған мамық салынып, үстін майда жібекпен көмкерді. 
Жерге киіз, кілем төселді. Енді зер салып қараған кісіге бұл отаудың мұнтаздай жаңа, мол 
жиһазды үй екенін бірден білер еді. 
Жаңа отауда алғаш рет мол дастарқан жайылып, көл-көсір шай ішілді. Ер атаулыдан біз 
сияқты ерме балалар ғана қатысқан еді. 
Шай үстінде жасаудың кем-кетігі жайлы келелі әңгіме де қозғалды. Енді немен толтыру 
керек екені сөз болды. Сонан соң жеңгейлер Үбианға түрлі бұйымдар қоса бастады. 
— Жақсы көретін қайын сіңлім едің, бикеш. Көзімдей көріп жүрерсің,—деп әрқайсысы 
кесе-табақ, білезік-сақина, алқа-моншақтар сыйласты. — Құдайға шүкір, бикешжан. 
Мұндай жасауға әркімнің қолы жете бермейді. Әжем мен қайынағаға ризамыз. 
Бүтіндей бір үйдің ине-жібіне дейін түгендеп, іргеңді берік қондырғалы отыр. Мұндай 
жасаумен барған жеріңде де мерейің үстем болады. 
Осылайша шын тілектерін, адал көңілдерін білдіріп әйелдер тараса бастады. Мен 
дастарқан қызығына беріліп. өрік-мейізбен алданып отырғанымда, тыстағы жақсылықтан 
құр қала жаздаппын. 
— Апа! Қыздың нөкер-серіктері келіп тұр, — деген көкемнің дауысын естігенде, тысқа 
атып шықтым. 


110 
Әдеби KZ 
Төгілте киім киген қос келіншек, бұралған бір жас қыз және екі жігіт жол жүруге сайланып 
тұр екен. Әжем оларды үйге шақырды. Екі жігіт тыста қалды да, өзгелері кірді. 
Өйткені жаңа отауға ерлер бас сұқпауы тиіс екен. Қайшагүл келіп, Үбианды бауырына 
басып тұрып бақыт тіледі: 
— Бақытты бол, бикеш. Сол бақыт жолының бастамасын өзіңе серік боп жүріп көргелі кеп 
тұрмыз,— деді ол! Мұнан соң Үбианды киіндіре бастады. Раушан түстес бүрме етек 
көйлекті кигенде әпкемді танымай қалдым. Керемет жарасымды екен. Көйлек сыртынан 
қынама бел көк барқыт бешпет киді. Құндыз бөркінің төбесінде үкі желбірейді. Қос 
бұрымының ұшынан күміс тамшы төгілгендей, арқасында әсем шолпы сылдырайды. 
Аяғында биік өкше оюлы етік. Мойны моншаққа толы, кеудесін алқа көмкеріп тұр. Аппақ 
білегінде қос-қостан күміс білезік. Саусақтары сақинамен безенген. Тырнағына аздап 
сүрме жаққандай көрінді. 
Әжем күміс сапты қамшыны немересінің қолына ұстатты да, оң сапар тіледі. Бәрі тысқа 
шықты. 
Көкем қарагер жорғаны көлденең тартып тұр екен. Бұған Үбиан мінбек. Сондықтан ба, ер- 
әбзелі ерекше. Ауыздықтан бастап сағалдырығына дейін күміспен күптелген жүген. 
Тоқымы мен тебінгісі барқытпен тысталыпты. Ер үстіне барқыт көпшік төселген. 
Өмілдірігі төгіліп тұр.Көкем мен жігіттер әпкемдерді қолтығынан демеп атқа отырғызды. 
Осы кезде топ ортасына әкем келді. Аз үнсіз тұрды да, алақанын жайды. Жиналғандар 
тегіс алақандарын жайысты. Әкемнің оң батасын алғаннан соң, серуен тобы жолға шықты. 
Бүкіл ауыл тысқа шығып, Үбиандар көкжиекпен астасқан алыс қырқадан асып кеткенше 
көз жазбай қызықтап қарап тұрды. Сонда әшекей бұйымдар қайдан табылды дей 
көрмеңіздер. 
Әкемнің зергерлік өнері бар еді деп айтқан едім ғой. Сол өнерін қызынан аямапты. Әкеме 
күн сайын көкем де көмектесіп жүрді. 


111 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет