123
Әдеби KZ
Шарттың аты шарт — байтаналықтар жеңіп кетті.
Енді екі
жақ та Оңалдың соңынан еріп, қалындықтың отауына бет алды. Ішке енген соң
Үбианға қарсы отырды да, Оңал тойбастарын шырқата жөнелді. Мұнысы тойбастардан
гөрі
ауыл қыздарын, қалыңдықты мадақтауға ұқсаңқырап тұр еді. Әрі ел сұлуларын
еліктіріп тілге шақырып отыр.
Біз келдік айдын көлден ашу көріп,
Аққудан таңырқайтын таптым көрік.
Ауылдан құс боп ұшып шығып едік
Бастаған бәрімізді бақ күнге еріп.
Үбиан әпкем жымиып езу тартты. Өзге қыздар беттерін алақанымен бүркесіп ұялған
болады. Оңал әнін жалғай берді.
Адаспай алты ай жүрдім, жете алмадым,
Аққуға жетпей қайтып кете алмадым.
Ақыры алдыңызға келіп қалдық,
Арқалап еліміздің көп арманын.
Жиналғандар ду күлісті. Оңалдың тапқырлығына риза болысып жатыр.
Өйткені осы
ауылдың арасы небәрі бес шақырым еді. Оңал әнін қайта айтты. Енді тікелей Үбиан
әпкеме арнап отыр.
Жол жүріп алты ай бойы көз ілмедім,
Ісімнің оңаларын сезіп едім.
Армысың, Үбианжан, бақ иесі
Сондағы іздегенім өзің едің.