Сплубба кіріп келді. Джинджи иінтіректі тартып қалып еді, сплубба мас болып қалды
).
15. A bad man walked in. A beneficent sorcerer pulled the lever, and the bad man was instantaneously
inebriated (
Қарау адам кіріп келді. Ізгі сиқыршы иінтіректі көтеріп қалды; сол-ақ екен, қарау
адам бір сəтте мас болып қалды)
.
11-желімен салыстырғанда 14-желіде əлемдік білімнің ерекше түрлерін
қолдануға арналған қосымша формалық ишаралар бар. Жекелей алғанда,
желінің өрбуі кезінде иінтіректі көтеру мен мас болып қалу сияқты
оқиғалардың таптаурын тізбегі тағы бар. Осы қосымша ишаралар маған
баяндалған əлемде орналасқан көптеген болмыстарды бірегейлендіруге
жол ашып, өзіне таңылған атаулы тіркестердің көп мөлшерін қосып алады.
Бұдан бөлек, етістіктердің түрленуі ғана емес, олардың толық
морфологиясы да грамматикалық сипатқа ие. Сондықтан мен əңгімедегі
референттерді толығымен жүзеге асқан əрекет құрылымына орналастыра
аламын. Бұл құрылым мысалдағы етістіктер мен менің санамда
сценарийлер түрінде таңбаланған оқиғалар желісі арасындағы өзара
байланыстан тұрады. Толықтай грамматикалық желі болып саналатын 15-
мысалдың талдануы, əңгіме элементтері грамматикалық тұрғыдан аз
көрінетін жəне осы арқылы сценарийге қосуға қолжетімді 14-мысалдың
өрбуіне қарағанда, көптеген (жəне əр алуан) тəжірибелік репертуарларды
қажетсінеді.
Желілер нарративтің арту ретімен 12, 11, 14 жəне 15 болып жүйеленуі
тиіс. 11–12-желілерде көрсеткіштер (маркер), азды-көпті танымал
нарративтер бар (мəселен, логико-уақыттық
(
logicotemporal
) операторлар,
берілген жəне жаңа ақпарат индекстері). Мен бұл əңгіменің қандай мəні бар
екенін, оның не екенін əрі не жайлы екенін ұқпасам да, əңгімеге қатысып
отырғанымды білемін. 15-желіде бұл көрсеткіштер желіні формалық
сатымен жабдықтайды. Оның мазмұны нарратив желілері бойынша қайта
құрауға келеді. Бұл кеңейтілген нарратив, өз кезегінде, желіні түсіндіру
кезінде іске қосылған сценарийлер (жəне кадрлар) табиғатымен əрі
олардың масштабымен байланысты. Ол зұлым адамның кіріп келуінен
сиқырды көрсетуге дейін жалғасады. Сөйтіп, нарративтің желілік деңгейі
мен берілген желіні түсіндіру (форма) кезінде ойынға қосылған əлемдік
білімнің күрделілігі арасында тікелей пропорция орнайды (
қараңыз
:
дегенмен 15). Мұндай ой тəжірибесі көптеген сценарийлерге енгізілген
желінің грамматикалық құзіретпен байланысты білім аясына көзсіз
телінгені, тек бір желіге қарағанда, əңгіме ретінде жеңіл талданатынын,
əлдеқайда нарративті болып есептелетінін көрсетеді (
Minsky, Society
263).
Ол сонымен бірге нарративтің желілік деңгейі тек қана сценарийді қолдану
функциясы емес, формалық əрі контекстік факторлардың жылжымалы
шоғыры екенін де көрсетеді. Мұнда, айтылған немесе қағазға түскен əңгіме
тілінің морфосинтаксистік белгілерін қосқанда, нарратив құрылымының
əртүрлі деңгейлерінде талданатын айнымалылардың (
variable
)
ауқымды
аясы
жайында,
нақты
немесе
жаңа
əңгіме
бастаулары
жайлы
ақпараттардың грамматикалық тұғырнамалары туралы, үйлесімді əрекет
құрылымының сценарийлерін тануға жол ашатын желі формасы деңгейі
жөнінде, жалпы жорамалдар негізінде құрылған ауқымды желіаралық
модельдердің желі ішіндегі модельдермен байланысы жайлы сөз қозғалып
жатыр.
Сонымен қатар ой тəжірибесінде постклассикалық нарратология үшін
нақты зерттеу стратегиясын назарға алады. Джеральд Принс Луи Ельмслев
тілін қолдана отырып, «нарратив əңгіменің сөйлеу қырының формасын
емес, мазмұндық қырының формасын анықтайды» деп түйеді.
12
Бірақ,
тəжірибе көрсеткендей, желінің əңгіме ретінде талдануына оның сөйлеу
сипатына қатысты функциялар кедергі келтіруі мүмкін. Олай болса,
əңгіменің
сөйлеу
қырының
(форма)
оның
мазмұндық
қырымен
(формасымен) қалайша байланысатынын тереңірек зерделеу үшін тіл
теориясы мен когнитивті ғылымдардың қорларын пайдалануы тиіс.
Басқаша айтқанда, кейбір желілер неліктен өзге желілерге қарағанда
нарративті екенін ұғыну үшін нарратологтер əңгіме мен дискурс, фабула
мен сюжет арасындағы өзара байланысты модельдейтін жаңа тəсілдерге
мұқтаж.
Қорыта айтқанда, жоғарыдағы тəжірибелер нарратив құзіретін əңгімені
ұғынудың əртүрлі кезеңдерінде немесе əртүрлі сатыларында əрекет ететін
талдау стратегияларының енгізген құрылымдары ретінде қайта сипаттауға
болатынын ашып көрсетті. Айтылған, не болмаса, жазылған желілер əңгіме
ретінде қабылданады. Өйткені олардың формалары (1) өздері байланыс
құрған тілдің грамматикасы, (2) тəжірибелік репертуардың басқа түрлері
арасындағы оқиғаның стандартты желілері һəм (3) əртүрлі желілермен
тоғысуды үйлестіретін өзге, алдыңғы желілер (жəне желі топтары) туралы
білімге жол ашады. Оқырмандар мен тыңдаушылар нарративті түсіндіру
кезінде жиі жүгінетін осы талдау стратегияларын саралау, олардың
маңыздылық тəртібін яки орнын айқындау бөлек зерттеу жобасын талап
етеді.
13
Аталмыш мақаланың соңғы бөлігінде, жоғарыда айтылған 2 жəне 3-
тип стратегиялары арасындағы сценарий-негізді стратегиялар мен
желіаралық байланыстар жайлы білімге негізделген стратегиялар
арасындағы кейбір қатынастарды сыннан өткізгім келеді.
14
Талдауым нобай
түрінде болса да, мен сценарий концепциясы нарратив теориясы үшін ғана
емес, əдеби түсіндіру тəжірибесі үшін де жемісті бола алатынын көрсете
аламын деп үміттенемін.
Шындығында, мен нарратив желілері мəселесін анықтауда желіаралық
немесе таптаурын болған қағидаларға негізделген білімге жүгінген
болатынмын. Бəлкім, жалпы факторлар менің 4-желіні 1-желі сияқты
сипаттау түрінде емес, (готикалық) əңгіме ретінде талдауға бейім
екендігімді түсіндіруге көмектесетін шығар. Готикалық ертегілер маған
таныс тізбекті əрекет құрылымын 4-желі ішінде оқуға жетелейді.
Керісінше, 1-желі бойынша бір-біріне ұқсас мəтіндік яки ортақ модельдерді
зерттеуім
желі
ішіндегі
оқиғаларды
нарративке
біріктіруге
тырыспайтынымды көрсетеді. Оның үстіне, əдеби нарративтерді когнитивті
талдау тəсілі жанрлар, керек болса, уақыт ағынымен пайда болатын
нарратив техникасындағы өзгерістер, сценарий қолданысы модельдері
ретінде қайта сипатталуы мүмкін. Нарративтер өздерін сақтай алады жəне
əлемде жиналып сақталған білім қорына əртүрлі жолдармен жалғасады.
Аталған білім қорын өңдеу үшін олар оны белсенді қалыпқа келтіреді
немесе оны тақырыптар ретінде кодтарға түрлендіреді. Олай болса, əңгіме-
сценарий интерфейсіне назар аудару əдебиет тарихын зерттеуде жаңа
ойлар, соны пікірлер ұсынуы жəне нарративтермен бірге жүретін жалпы
категорияларға сəулесін түсіріп, жандандыруы əбден мүмкін.
Сценарийлер жəне əдеби түсіндіру
Р.А. Бак (71–82), Джонатан Куллер (
Poetics
130–160), Вольфганг Изер
(53– 85, 103–134) жəне Уоллес Мартин (67–68) сияқты əртүрлі ғалымдар
сценарий концепциясы нұсқаларын əдеби-теориялық контексте жүзеге
асыруға қатысты зерттеулер жүргізгенде, сценарий мен əдеби мəтіндер
арасындағы өзара байланысқа да көбірек назар аударған-ды. Бұл тұрғыда,
олар қозғау салған, əсіресе сценарийлер мəтіндердің дизайні мен
түсініктемесін қалай қалыптастырады жəне мəтіндер (
Достарыңызбен бөлісу: |