Қызметі: Халық жазушысы.
1961
|
Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
|
1966–1968
|
Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері.
|
1968–1970
|
Республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.
|
1970–1978
|
Республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы;
|
1978
|
Желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы.
|
1984
|
«Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
|
|
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
|
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.
|
Шығармашылығы
1958 жылы алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде шыққан.
20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» жарық көрді.
КСРО ақындарының, Чили ақыны П.Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
1979 жылы жарық көрген «Сенің махаббатың» жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы – ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар поэмада нанымды, салмақты көрініс тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |