Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


Лиро-эпостық (ғашықтық) жыр мен эпостық (батырлық) жырдың айырмашылықтары



бет10/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

Лиро-эпостық (ғашықтық) жыр мен эпостық (батырлық) жырдың айырмашылықтары
1) Ғашықтық жырдың негізгі тақырыбы – екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет-зары, махаббаты, ал батырлық жырда батырдың ел-жұртының мүддесі үшін күресі жырланады.
2) Ғашықтық жырда рулық қарым-қатынастар, салт-дәстүр, әдет-ғұрып тақырыптың негізгі арқауы етіп алынады, ал батырлық жырда бұлар маңызды рөл ойнамайды. Ғашықтық жырда ерекше орын алатын махаббат тақырыбы рулық қоғамдағы әдет-ғұрып пен көшпелі өмір қағидаларымен бірге өрбіп отырады. Мысалы, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында «еже-қабыл» салты (туылмаған нәрестелерін атастырып, ата-аналардың белқұда болу салты), «Айман – Шолпан» жырында барымта салты мен кек үшін қызды тұтқынға алу әрекеті, «Қыз Жібек» жырында әмеңгерлік салты негізгі арқау болған.
3) Ғашықтық жырда кейіпкерлер реалистік түрде сипатталады, яғни кейіпкерлер өздеріне тән қасиеттерімен бейнеленеді, ал батырлық жырда батырдың образы шындықтан гөрі қиялдан туындаған бейне болып суреттеледі.


«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры – ел арасында ең көп таралған ғашықтық жыр. Оның жазылып алынған бірнеше нұсқасы бар. Ең танымалы – Жанақ ақын жинаған нұсқа. Дастан он бір буынды қара өлең ұйқасымен шығарылған. Жырда тұрмыс-салт жырларының үлгілері: жар-жар, қоштасу, естірту, жоқтау – кездеседі.


Кейіпкерлері:
Қозы Көрпеш – негізгі кейіпкер. Ғашығына берілген, адал жүректі, ер жүрек, мінез-құлқы ұнамды жігіт. Айбас Қозыға Баянның ғашығын білдіргенде, жолындағы қауіптерге қарамастан, ғашығының жолына жапа шегіп, қараниет Қарабайдың қол астында азапты өмір кешіреді, тіпті өз жанын пида етеді. Қодар мен Қарабай Қозы Көрпешке у береді.
Баян – негізгі кейіпкер. Ақылды, өр мінезді, ғашықтық сезімін ажалдан да жоғары қояды. Оқиға желісі осы Баян үшін болған тартыстан басталады.
Сарыбай – Баянның әкесі. Ұл бала күтіп жүрген Сарыбай Қарабайдың тілегі бойынша марал атады. Оқ тиген марал буаз екен, Қарабай жарып жібергенде, маралдың ішінен ішінен екі лақ шығады. Соған дәті шыдамаған Сарыбай дүние салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет