Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет20/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

...Әкем қаған өлгенде,
Інім Күлтегін жеті жаста қалды.
Он жаста Умай текті шешемнің бағына
Інім Күлтегін ер атанды.
Сондықтан таққа Елтерістің інісі – Қапаған отырады. Ол қаза тапқаннан кейін, Білге таққа отырып, хан (қаған) болады, ал Күлтегін – әскербасы болады. Тоныкөк (Тоңұқұқ) – Елтеріс, Қапаған, Білге қағандардың кеңесшісі болған.
Орхон ескерткіштері осы тарихи тұлғаларға арнап орнатылған тастағы жазулар. Орхон-Енисей өзендерінің аңғарында табылғандықтан осылай аталған. Таста «Түркі Білге қағанның еліне арнап жаздырдым. Мен – Тоңұқұқ» деген жазу кездеседі.
Негізгі ойы – елдің тәуелсіздігін, береке-бірлігін сақтауға шақыру және ел қорғаған батырлар мен көсемдерді дәріптеу.
Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн мен орыс ғалымы Н.М.Ядринцев (XVIII–XIX ғ.ғ.).
Тұңғыш оқыған – Даниялық ғалым Вильгельм Томсен.
Орысшаға аударғандар: Радлов, Мелиоранский, Малов, Стеблева.
Тасқа қашалып жазылған бұл жазулар ғылымда руналық жазулар деп аталады.
«Күлтегін» ескерткіші қазір Л.Н.Гумилев Еуразия Ұлттық университетінде.
Қосымша мәлімет:
- Күлтегін 731 жылы қой жылының тоғызыншы айының 17-күні дүние салып, 27-күні жерленген.
- Күлтегіннің немере інісі, әрі ақын-жырау Йоллығ шеберлерді жинап, 732 жылы Күлтегін басына құлпытас қойдырды. Ескерткіш мешін жылы, 7-айдың 27-күні аяқталған.


«Күлтегін» жыры жайлы
Күлтегін – негізгі кейіпкер. Жырда үнемі өсу, даму үстінде көрінеді. 7 жаста жетім қалады, 10 жаста ер атанады, 16 жаста ел қайғысы мен кегін қуады, 21-інде өзіне бір оқ дарымастан соғыстан аман шығады, 26-да аты мертіксе де Қырғыздарды жеңеді, әрі қарай Түргештермен соғысып, тағы да жеңіске жетеді, 30-да Қарлұқтарды, 31-де Аздарды қиратады, 47 жасында қайтыс болады.
Елтеріс – Күлтегіннің әкесі.
Білге қаған – Күлтегіннің ағасы.
Тоңықұқ – Білге қағанның төбе биі.


Қысқаша мазмұны: Түркі халқын қалыптастырған Бұмын, Істеми қағандардың ерлік істерін мадақтау; Табғаш халқының тепкісі түркі халқының елдігін жойғандығы; Табғаштарға елу жылдай бодан болуы; түркі халқының ұлы қайғысының баяндалуы; түріктің қасиетті жер-суының «Түркі халқы жойылмасын!» - деп шақыру тастауы; Елтерістің қаған болуы, оның ерлігі, елді қайта нығайту істерінің баяндалуы; қырғыз, құрықан, қытай жаққа 47 рет аттануы; елдің күшеюінің баяндалуы; Қапағанның Елтерістен кейін қаған болуы; «кедейді бай етуі»; 25 рет Жасыл өзені, Шаңтұқ жазығы, Кәрі темір қақпа, қыр жеріне дейін аттанып, 23 рет соғысуы; Барыстың Аздарға бек болуы; түркі халқының қайтадан бақытсыздыққа тап болуы; жыршының сұрақ қоя отырып, бұған халықтың өзі кінәлі екенін ашына жырлауы; Білгенің қаған болуы; түркі халқы үшін інісі Күлтегінмен бірге істеген орасан зор еңбегінің жырлануы; Күлтегіннің қайтыс болуы; оның ерлігін, еліне жасаған ерен еңбегін мадақтауы; оның өсу жолының (әр жастағы ісі, ерлігі) жан-жақты жырлануы; Күлтегін қазасының халықты қатты қайғыға салуы; оны ардақтап жерлеудің тәптіштеп жазылуы (47 жаста қой жылы қайтыс болуы, он күннен кейін жерленуі, мазарының 7-айдың 27-күні аяқталуы, құлпытасты қоюға жер-жерден шеберлер алдыруы).

Жырдағы Білге қаған сөзі:


Әкеміз, ағамыз құрған халықтың
Аты, даңқы өлмесін деп,
Түркі халқы үшін
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет