Еңбектері:
«Оян, қазақ» өлеңдер жинағы (Уфа, 1909, 1911).
«Бақытсыз Жамал» романы (Қазан, 1910).
«Азамат» өлеңдер жинағы (Орынбор, 1913).
«Терме» өлеңдер жинағы (Орынбор, 1915).
«Есеп кұралы» оқулығы (2 бөлім, Ташкент, 1922)
«Балқия» (пьеса, Орынбор, 1922).
«Оқу құралы» оқу кітабы (Орынбор, 1924).
«Қирағат» (оқулық).
Өлеңдері:
«Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі»
«Таршылық халіміз хақында аз мінәжат»
«Шешенің балаларын сүюі»
«Сайлаулар хақында»
«Жастарға»
«Елім-ай»
«Қазақтың ру басшыларына»
«Атқамінер сұмдарға»
«Шағым»
«Алашқа»
«Шәкірт»
«Насихат ғумумия»
«Қазақ халқының бүгінгі мағишаты»
«Өнермен хасыл болған нәрселер»
«Қазақ жерлері»
«Мешіт-медресе хақында»
«Қазақ халқына діни бір уағыз»
«Жастарға»
«Терме»
«Жесір даулары хақында»
«Жігіттер»
«Сөз ақыры» т.б.
«Шағым» өлеңінен үзінділер:
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Қажыған қам көңілді бip көтерер
Жанымда жан ашитын адам да жоқ
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі –
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!
«Бақытсыз Жамал» романы
Кейіпкерлер:
Жамал – негізгі кейіпкер.
Сәрсенбай – Жамалдың әкесі.
Шолпан – Жамалдың шешесі.
Қалампыр – Сәрсенбайдың бәйбішесі.
Ғали – Жамалдың сүйген жігіті.
Дүйсебек – Ғалидің әкесі.
Жұман – Жамалдың күйеуі.
Байжан – Жұманның әкесі.
Жүніс, Нұрмаш – Ғалидің достары.
Фатихолла – қалаға барған Жамал мен Ғалиді үйіне паналатқан саудагер адам.
Романның сюжеті: Сәрсенбайдың балаға зар болуы, Шолпанға үйленуі, одан Жамалдың туылуы, Жамалдың молдадан оқып тәрбиеленуі, әдемі бойжетуі, Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген ішкі есеппен Байжанмен құда болуы, бұған Шолпанның қарсылығы, Ғали мен Шолпанның танысуы, Ғали мен Жамалдың танысуы, бір-біріне ғашық болуы, өзара тіл табысып, қашып кетуі, Байжанның келіні Жамалдың кетіп қалуына орай жасаған аярлығы, Жамалдың еріксіз Байжан босағасына келуі, Жұманнан көрген қорлық-зорлық, ақыры, боранда адасып өлуімен аяқталатын оқиғалардың бір-бірімен байланысқан, желісі үзілмейтін тізбегінен құралған.
Достарыңызбен бөлісу: |