аты
|
шыққан жері
|
жылы
|
«Рабиға» пьесасы
|
Орынбор
|
1922
|
«Сылаң қыз» пьесасы
|
Орынбор
|
1922
|
«Тәрбиеге жетекші» кітабы
|
Орынбор
|
1924
|
«Мансапқорлар» пьесасы
|
Москва
|
1925
|
«Ел қорғаны» пьесасы
|
Ташкент
|
1925
|
«Шернияз» пьесасы (С.Торайғыров жайлы)
|
Мәскеу
|
1925
|
«Терме» жинағы
|
Ташкент
|
1925
|
«Тау еліндегі оқиға» аударма роман
|
Ташкент
|
1925
|
«Қанапия-Шәрбану» пьесасы
|
Мәскеу
|
1926
|
«Психология» оқулығы
|
Қызылорда
|
1926
|
«Қартқожа» романы
|
Қызылорда
|
1926
|
«Жан жүйесі және өнер таңдау» зерттеу еңбегі
|
Мәскеу
|
1926
|
«Ақбілек» романы
|
«Әйел теңдігі» журн., №1
|
1928
|
«Күнікейдің жазығы» повесі
|
«Жаңа әдебиет» журн., №1
|
1928
|
«Комплекспен оқыту жолдары» (мұғалімдерге арналған көмекші құрал)
|
Қызылорда
|
1929
|
«Нұр күйі» поэмасы
|
Қызылорда
|
1929
|
«Жан жүйесі» ғылыми еңбегі
|
|
|
«Өнер таңдау» ғылыми еңбегі
|
|
|
Әңгімелері:
«Бетім-ау, құдағи ғой»
«Елес»
«Әнші»
«Боранды болжаған әулие» т.б.
«Қартқожа» романы
(Тарихи тұлғалардың өмірінен дерек беретін туынды)
Кейіпкерлер:
Қартқожа – негізгі кейіпкер. Өмірде болған адам. Мұғалім болған. 1937 жылғы қанды қырғында мерт болған.
Жұман – Қартқожаның әкесі.
Тұңғышбай – Қартқожаның ағасы.
Дәрмен, Бәтеш, Андрей, Шәмкеш, Тұрмағамбет, Иманқұл т.б.
Мазмұны:
Қартқожаның қожадан сабақ оқуы, тепкі көріп өсуі, аштық тауқыметін көруі, Әкесі Жұманға суық тиіп өлуі, үй іші ауыртпалығын ағасы Тұңғышбай екеуі көтере бастағанда, он алтыншы жыл зобалаңына ұшырауы, сол тұстағы әділетсіздікке қарсы күрес, патша әскерінен қырылу, содан кейін еріксіз майданға жөнелтілу, Рига түбінде тыл жұмысына араласуы, Андрей атты орыс дос табуы, Ақпан төңкерісі, жігіттердің Мәскеу, Омбы арқылы елге оралуы, жеңгесіне зорлықпен үйлендірілуі, Баянауыл, Семей, Омбыға барып оқуға түсу әрекеттері, Алаш қозғалысына тиіпқашты араласуы, әлеумет күресіне ширығып, заман күрескерінің қатарына қосылуы.
Батыр әрі әнші Дәрмен тағдыры, Дәрмен – Бәтіш махаббат хикаясы суреттеледі. Дәрмен тағдырынан Мәди өмірінің сарынын аңғаруға болады.
Романның өмірлік материалы нақты ортаны қамтиды; негізгі әрекеттер Баянауыл төңірегінде, Семей, Омбы қалаларында өтеді.
«Ақбілек» романы
Кейіпкерлер:
Ақбілек – негізгі кейіпкер.
Мамырбай – Ақбілектің әкесі.
Төлеген – Ақбілектің ағасы.
Балташ – Ақбілектің кейінгі қосылған жары.
Ескендір – Ақбілектің бандыдан туған баласы.
Кәмила – Ақбілектің құрбысы.
Ұрқия – Ақбілектің ең жақын жеңгесі.
Ақбала, Балташ, Доға, Жорғабек, Төлеген, Мұқаш, Жылтыр т.б.
Қысқаша мазмұны:
Қызылдардан қашқан ақтардың Мамырбай ауылын шауып, әйелін өлтіріп, қызы Ақбілекті алып қашуы, оған Мамырбаймен ескі араз Мұқаштың себеп болуы, бір ауыз орысша білмейтін қыздың ақ әскерінің офицері қарамұртқа ермек болуы, оған еріксіз әйел болуы, қорлық күйігінен өліп қалардай күй кешуі, біртіндеп есі кіріп айналаны бажарлап, ой түйе бастауы, өзі болған топтың аужайын аңғаруы, қарамұрт офицердің өз аузынан мұндай халге түсуін бастан-аяқ айтқызуы (... Ата-анадан, туысқаннан, туған жерден кім безейін деп ойлайды. Еркін қызық өмірді, жан тыныштықты кім жақсы көрмейді?..) , арттан қуып жеткен қызылдардан бытырай қашқан кездегі Ақбілектің бандылар жұртында жалғыз қалып қоюы, тау-тастың арасында жалғыз кезуі, қасқырға жем болып қала жаздап, арыш-ашып аулына жетуі, ауылға келген кезде бұрынғыдан бетер азап-қорлықты көруі, өрттей қаулаған өсектен жанып-күюі, ағасы Төлегеннің артынан іздеп барып оқуға түсуі, қала көріп, келер күндерден үміт күтіп, әрекет жасауы, Ақбілек – Камила арасындағы ұзақ сыр, оқудағы жайттар, зиялылар хикясы, Ақбілектің Балташпен қосылуы, азаптан туған перзенті Ескендірін қайта сүюі.
Достарыңызбен бөлісу: |