Әдебиеттер: 1,2,4,7, 11, 12, 14, 21, 22, 23, 24, 25.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ әдебиетіндегі жазушылардың щығармаларын сюжеттік,композициялық тұрғыдан талдаған еңбектерді қарастырыңыз.
№10 семинарлық сабақ тақырыбы: Көркем әдебиеттің тілі және оның өзіндік ерекшелігі.
Сұрақтар:
1. Көркем шығарма тілінің ерекшелігі
2. Автор сөзі және кейіпкер сөзі
3. Тілдің лексикалық ерекше қорлары туралы түсінік
4. Тілдік құбылтулар
5. Поэтикалық айшықтаулар
Тапсырмалар:
Ә.Кекілбаевтың «Бір шоқ жиде» әңгімесіндегі ажарлау мен
құбылтудың қолданылуы және М.Жұмабаев поэзиясындағы айшықтаудың түрлері туралы конспекті жасаңыз.
Әдебиеттер: 1,3,5,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.
Әдістемелік нұсқаулар: Құбылту «троп», айшықтау (фигура) түрлеріне қатысты сұрақтарға жауап беру үшін төмендегі әдебиеттер тізімін пайдаланасыз. Әр қайсысына көркем шығармадан мысалдар келтіресіз. Тапсырмада берліген жұмыстарды орындайсыз
№11 семинарлық сабақ тақырыбы: Өлең және оның жанрлық ерекшелігі.
Сұрақтар:
1. Өлең және өлең сөз туралы түсінік.
2. Өлең жүйелері және оның түрлері.
3. Қазақ өлеңінің құрлысы.
Тапсырмалар: Әдебиеттанудағы поэзияның зерттелуі деген тақырыпта конспект жасаңыз.
Әдебиеттер: 1,2,4,7, 11, 12, 14, 21, 22, 23, 24, 25.
Әдістемелік нұсқаулар: Поэзия жанр туралы жазылған зерттеулерге талдау жасаңыз. Сонымен бірге қазақ өлеңінің ұйқасына ақындардың өлеңдерінен мысалдар келтіріңіз.
№12 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиеттегі тек пен түр. Әдеби жанр мәселесі. Эпикалық шығарманы талдау жолдары.
Сұрақтар:
1. Жанр туралы түсінік.
2. Проза жанры.
3. Эпикалық тек оның жіктелуі.
Тапсырмалар: Жанрдың теориялық мәселелері жайлы конспект жазыңыз. Прозалық шығарманы талдаудың ерекшеліктері. М.Әуезовтың әңгімелеріне талдау жасаңыз. .
Әдебиеттер: 1,3,5,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.
Достарыңызбен бөлісу: |