Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Социалистік реализм әдісі



бет10/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
жауап теория

17. Социалистік реализм әдісі
Социалистік реализм әдісі мемлекеттің мүддесіне орай дүниенің үлгісін жасады, оның қозғаушы күші – таптық қайшылықтар мен идеологиялық мазмұн еді, ондағы жағымды кейіпкер – мүлтіксіз, мінсіз эстетикалық идеал. Соцреализмнің эстетикалық бағдарламасы көркемдік сананы идеологияны бағдар тұтқан нормативтілікпен шектеді.
Ол қатаң талаптары тұрғысынан классицизмнің нормативті эстетикасынан да асып кетті. Әдебиетке көркем шығармашылықты эстетикалық табиғатынан айыра бастаған философиялық «диалектикалық-материалистік» әдіс телінді. Социалистік реализм жүйесінен нағыз реализм мен романтика жоғала бастады, соцреализм классицизмнің жаңа бір түріне ауысты. Алайда классицизмнің негізінде әсемдік арқылы жүзеге асқан эсте- тикалық идеал туралы түсінік жатса, социалистік реализм бірте-бірте партияның, саясаттың құралына айналды. Эстетикалық принциптердің орнына саяси принциптер келіп, олардан ауытқу қатаң жазаланды.
Социалистік реализмнің кеңес әдебиетінде үстемдігі айқын болды. Сондықтан басқа көркемдік процестер белгілі бір дәрежеде социалистік реализмге резонанс жасады: оны жетілдірді, оның арнасына сыймай, бұзып шықты, онымен айтысқа түсті, оны теріске шығарды. Әрине, социалистік реализмді «моно-мәдениет» деп тануда және соцреалистік догмаға ермегендерді қудалауда социологиялық диктат пен саяси террор өз қызметін атқарып шықты. Алайда, дамуына қолайлы жағдай тумаса, директивалық әдебиеттің көркемдік санада ұзақ уақыт бойы тұрақтауы мүмкін емес еді.
Кеңес үкіметін ыдыратқан «қайта құрумен» байланысты (1985 жылдардан кейін) социалистік реализмді болмаған құбылыс, миф деп жариялаған, оның көркемдік табысын жоққа шығарған еңбектер көбейіп кетті. Социалистік реализм эстетикасы догмалығымен өзін-өзі жоққа шығаратын схоластикалық теорияға теңестірілді. Қазіргі батыс әдебиеттануында реализм әдісінің өзіне күмәнмен қарайды. Социалистік реализм күйрегеннен кейін жалпы реализмге, кейіннен тіпті көркемдік әдіске де шабуыл жасалды. Нәтижесінде қазіргі әдебиеттануда көркемдік әдіс терминін қолданудан қашатын да түсінік қалыптасуда. Алайда социалистік реализмге қара бояу жағып, сынап-мінеу тағы да эстетикалық тұрғыдан емес, саяси ұстаным тұрғысынан іске асты. ХХ ғасырдың реалистік әдебиетінде бұл бағыттың көркемдік жетістіктері эстетикалық, адамгершілік құндылығын сақтап қалады және уақыт өте келе оған деген көзқарасымыз, қарым-қатынасымыз өзгеруі де мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет