80. М.Жұмабаевтың ақын табиғаты туралы өлеңіндегі метафоралар қызметі Мағжан Жұмабаев – поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Ақын тау туралы толғансын, не дархан даланың кеңдігін жырласын, тіпті көл немесе жазғы таңды, қысқы кешті, егінді, не жар, күн, ай жайында айтсын, бірінші кезекте өзінің дүние түсінімі, ішкі жай күйі тұрады; сонысымен айнала әлемді бірге толғандырып, бірге тебіренеді. Ақын жырларында табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге қанаттасып жатады
Ақын табиғат лирикасынан бөлек өзінің ішкі жан дүниесін де өлеңмен суреттеп салады. Мысалы «Сағындым» өлеңінде түрмеде жатып ауылын, анасын, әйелін, туған туыстарын сағынудағы өзінің жай-күйін көрсетеді. Мысалы ,
Асау тайдай еркелетіп өсірген, Ағайынды, туған елді сағындым ,-
деген метафоралы теңеу арқылы бұрын қандай тайдай еркін болған кезін есіне алады.
«Жұлдызды жүзік,айды алқа қып берейін» деген өлеңінде автор қыз бейнесін жасайуда түрлі көркемдік құралдар қолданады.Мысалы, Жұлдызды жүзік,айды алқа қып берейін - метафоора
Жібектей,басқандай,тасқандай,шашқандай,бүлдіргендей - теңеу
Мінсіз сұлу - эпитет
Шашың толқын - эпитет
Қаламымды малып жүрек қанына – метафора
81. С.Елубайдың «Ақ боз үй» трилогиясының тақырыбы мен идеясын талдау.
Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» трилогиясы – ашаршылық, сталиндік қуғын- сүргін, тоқырау заманын қамтыған ең ірі көркем туындылардың бірі. Жазушы бұл еңбегінде ерекше суреткерлігімен, трилогиясының көркем құрылымымен көзге түседі. Автор Кеңес кезінде ашаршылыққа ұшыраған халықтың хал-ахуалын, «асыра сілтеудің» елге әкелген зардабын шебер суреттеп, ел басқарып отырғандардың жағымсыз қылықтарын, пасықтығы мен әділетсіздіктерін әшкерелей жазады.Жазушы отызыншы жылдардағы «ақтаңдақтар», «қарадақтар» миллион даған жазықсыз жандардың аштан қырылып, қуғын-сүргінге ұшыраған кезеңінің, Ұлы Отан соғысының зардаптары, одан бергі тұралау, тоқырау заманы тари хының кең ауқымды панорамасын жасай білген.
Трилогия 1.Ақ боз үй 2.Мінәжат 3. Жалған дүние деп аталатын 3 кітаптан тұрады.
Тақырыбы: «Ақ боз үй» трилогиясы
Идеясы: «Ақ боз үй» трилогиясы – халқымыздың игеріле қоймаған, құпия тарихтың «ақтаңдақ беттері» саналатын тақырыпқа жазылған туынды. Ұзақ жылғы ізденіс нәтижесінде аласапыран шақтың қоғамдық құрылысын, саяси-әлеуметтік, экономикалық негізіне терең бойлай отырып, адам характерін оның ішкі күйін суреттейтін психологиялық тәсілмен ашуда, талдауда жеткен жетістіктері бейжай қалдырмайды.
Кейіпкерлер
1)Хансұлу-Қаракерін сылаң-сылаң желдіріп, Хансұлу өтіп барады екен. Басында үкісі бұлғақтаған кәмшат бөрік, үстінде -қырмызы қамзол. Аш белін түрмемен қынай байлаған. Күміс ер-тұрман батар күннің жалқын нұрына малынып жарқ-жұрқ етеді. Астындағы сыйда бой кер құнан да иесінің мәпелі жас сұлу екенін білетіндей, аяғын лып-лып билеп басады.Сымдай тартылып ықшам киініп алған. Күлгін түсті зәгран шалбар, қынама бел қырмызы пүліш қамзол. Биік өкше етік. Үкілі кәмшат бөрік. Қолында - қамшы.
2)Сырға-Монтаны пішін, бидай өңді Сырға бәйбішенің түндей тұнық қара көзі жарқ етіп, ақ тісі ашылып күлгенде бет ұшына қаны тепті. Күйеуіне еңкейіп сыңғырлап күлді.Кең иығы толқын ұрған талдай дір-дір етеді. Сирек сөйлейтін, сөйлесе дауысы құлаққа күміс қоңырау үніндей жағымды, тәрбиелі жан еді Сырға. Кісіні есті, назды қылығымен табындыратын.Қазір де сөйтті. Жүзінен иман нұры төгіле отырып, күйеуін балаша аймалап жұбатты. Пахраддиннің басын тізесіне қойып, бейне сынықшыдай сипап, аймалайды. Асасы, осы жұрт та ақымақ. Пахраддиннің байлығы деп күн құрғатпай өрістегі малын санайды. Әй, қандай ессіздер-ай! Әй, Пахраддиннің байлығы үйінде емес пе? Ол мына отырған бәйбішесі емес пе? — деді.
82. Ә.Кекілбаевтің «Ханша-дария мен айшықтау құралдарына талдау жасау
Əбіш Кекілбаев – ұлттық əдебиетіміздің белді жанрларының барлығында да белсенді қызмет істеген қарымды қаламгер. «Үркер» мен «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры», «Шыңырау», «Бəйгеторы», «Ханша-дария хикаясы», «Күй» сияқты прозалық туындылары арқылы ел өмірінің зəру мəселелерін көтерген халықтың сүйікті жазушысы.
Ханша-дария хикаясы
"Ханша-дария хикаясы" – жарты әлемді жаулап алып, талай жұртты қан қақсатқан Шыңғыс ханның өмірінің соңы немен біткені жайлы аңыздардың бірі өзек болған шығарма.
Шығармада Шыңғыс хан таңғұт тайпасы қолбасшысының ұлы Шыдұрғының сүйгені Гүрбелжің сынды айдай аруға есі кетіп, ақырында сол бір текті әйелдің қолынан мерт болады. Повесте бұл жайды Шыңғыс хан түсінде көреді.
83.Ж.Аймауытовтың «Әнші»
шығармасындағы Әмірқанның әншілік
өнеріне теориялық талдау

84. Ә. Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі табиғат көрінісін талдау.
Жазушы Әбіш Кекілбаев прозасындағы шоқтығы биік шығармаларының бірі – «Күй» повесі. Шығарманың сюжеттік желісі аңыздық факторларға негізделген. Шығармада бір күйдің шығу тарихын суреттегенімен, негізгі ой – адамшылық, гуманизм тақырыбы.
Ә.Кекілбаев шығармашылығында шоқтығы биік тұратын туындылардың бірі -«Күй» повесі. Автордың талай тарихи шындықтан хабар беретін, оқырманды сол күймен бірге ой шыңырауына түсіретін, ұлттық сана-сезімнің биігіне жетелейтін, кейіпкерлер тағдыры өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп тұратын тың шығарма. Жазушының стилі ерекше, әлемдік әдебиет сахнасында соны образдармен келуге болады, бірақ Әбіш шығармашылығы, әсіресе “Күй» - қазақтың ұлттық тамырымен астасып жатыр, болмысымен біте қайнасқан. Оның қаламгерлік шеберлігі, ұлттық әдебиеттегі орны сонысымен құнды.
Автор тілінің ерекшелігі сол – кейіпкерлер бірінен соң бірі туындап отырады, тарихтың қойнауына оқырманын сүңгіте береді. Жазушының «Күйдегі» уақыт пен кеңістік мәселесін ұтымды, терең, әділетті қолдана білуі – оқырманын одан әрі шығармаға ынтықтыра түсетіндей. «Күйдегі» кеңістік кейде уақытқа бағынбайды. Оқушының санасы жай ғана тарихтың арғы-бергі бетінде жоқ іздеп жүрген жолаушыдай сандалып кетеді, бірақ шығарманың соңында сол жоғын табады. «Шатырдан ешкім қалмағанша шәй ішетін», тарқатсаң терең тарихтың шежіресінен сыр шертетін. «сыр алдыра қоймаған сіңір қара шал»(Құрбан ақсақал) – сол кеңістікке нәр беруші образ. Ал - дутар(домбыра), одан шығатын жан-дүниеңді балқытар күй – осы шығарманың сюжеттік желісін бір-бірімен жіпсіз байлап тастаған ерекше деталь. Осы аймақты зерттеуге келген Сырым бастаған зерттеуші жігіттердің ақсақал шерткен күйдің қуатымен тарих шыңырауына құлауы – күй аяқталғанда мең-зең хәлге келуі – бастан аяқ шығарманың мазмұны. Мазмұн – қос ішектен ағыла төгілген күйдей кейде шалқып төгіліп, кейде баяулап, шамырқанып, шымырлап әрбір сюжетті құлағыңызда күмбірлетіп отырады. Ал шығарма соңындағы Сырымның жай- күйі, ішкі толқынысы – сол күйдің соңғы шертісімен тынады, бірақ санасына мәңгілік шегеленіп қалады. Күй – оқырман санасына тұтастай бір шығарманы сыйғыза салды.
«Мынау ұлан-асыр қу медиен далаға елу жылдай болыпты, ел қонбапты. Ай бойы қанша жерді араласа да, әдетте теңге жараның орнындай оқшау бозарып жататын көне жұрт, не күзеуде, не көктемде ши қорамен отыратын қойшы ауылдардан қалған ескі көң – көзіне түскен емес. Малдың сүрлеуі, тезегі – түгі жоқ, жым жылас. Теп-тегіс жазық, көптен бері тұяқ баспай, тіс-тимей қақалып өскен майқара жусан. Осынау бедерсіз кеңістіктен бағыт айыру, бағдар тану тіпті қиын.»[2;203] Ұшы –қиырсыз теп-тегіс мекен – өз сырын сол жұмбақтығына сыйдырған. «Мүлгіген кеңістік» - талай заманның, қантөгістің, мәңгүрт басқан табанның, ат-тұяғының, озбыр батырлардың қарақшы қарекеттерінің, ең асылы небір сазды күйлердің куәсі.
Қоңыр дала, иесіз дала, бедерсіз кеңістік, жапан дала, аптап, ен дала, қауым молалар, Қарауыл төбе, теріскей көкжиек, нәр тамбаған ала дөң, көктеңізге іреп кіріп жатқан пышақтың жүзіндей жіп-жіңішке қара түбек, көк теңіз, салхар сахара, күн жеп, жел мүжіп тастаған қара жартас, ызғыған қара дөң, сағым ,т.т толып жатқан дүниелер – толықтай шығарманың сұлу суретін көз алдыңызға келтіріп қоятын реалды кеңістік.
Шығармада уақыт әрбір батырдың дүбірлеп тұрған дәуірінде сығымдалып, кішірейіп, сол заманның көрінісін жасайды. Ол туралы М.Бахтин:«Әдеби көркем шығармадағы хронотоп дегеніміз – уақыт пен кеңістік белгілерінің нақтылы бір бүтіннің табиғатына лайық бірлікте көрінуі. Мұнда уақыт қоюланып тығыздалады, сығылысады. Сөйтіп көркемдігімен көзге түсетіндей дәрежеге жетеді: ал кеңістік болса, шоғырланады, тарихтың, сюжеттің, уақыттың қозғалысына бағындырылады. Уақыт таңбасы кеңістікте белгіленіп көрінеді. Ал кеңістік уақыт арқылы танылып, уақыт арқылы өлшенеді. Мінеки көркем хронотоп қатпарлардың осылай қиысып, белгілердің осылай қосылып, тұтастануымен сипатталады»[3], - дейді. «Күйдегі» кеңістік оқырман санасына автор суреттеген қалыппен орнығып қалады да, уақыт әр дәуірдің тасасында лирикалық шегініспен көрініп отырады. Бірақ шығармадағы оқиғалар, іс-әрекеттер сарынында фальклорлық уақыт пен кеңістік те жоқ емес. «Ертеңіне осы күнді бір айдан бері асыға күтіп отырған ауыл ақ тайлақты жетелеп, Көкбөрінің басына барып, құдайы беріп қайтуға аттанды. Алты тұтқынды арқасы қырдай екі көрт түйеге қомсыз мінгізіп алып жүрді. Ілгерірек аттанған қос аттының соңында екі өркеші дір-дір етіп, ақ жібек желке шудасы желкілдеп, ақ тайлақ кетіп барады.» [2;208] , - дейді автор
85.Ә.Кекілбаевтің «Ханша-дария
хикаясындағы» құбылту мен айшықтау
құралдарына талдау жасау
“Ханша дария” хикаясы дүние жүзін билеген моңғол елінен шыққан Шыңғыс ханның соңғы жылдардағы өмірін және оның өлімі туралы баян етілген. Хикаяда Шыңғыс хан өзінің уәзірінен сұлу, пәк, маған лайық ару бар ма ? деп сұрайды. Уәзір :таңғұт тайпасы қолбасшысының ұлы Шыдұрғының сүйгені Гүрбелжің ханшаны ұсынады. Шыңғыс хан Гүрбелжіңдей сұлу аруға есі кетеді. Гүлбелжін деген әйел қараңғы үйге кіріп барғанда, самаладай жарқырап кетеді дейді. Мұндағы құбылту: әсірелеу(гипербола). Шыңғыс хан осы күннен бастап Гүрбелжің ханымды есінен шығара алмады. Танғұт еліне жорыққа шапты. Таңғұт елін басып алып, Гүрбелжіңнің сүйгені Шидүргіні ұстап хан өзіне алдыртады.
Шидүргенің сұп-сұр жүзі онан сайын қуқылданып, отты көздері шатынай түсіпті. Мұндағы сұп-сұр жүз , отты көздері ( метафора)
Қорғасындай зіл тыныштық мойнына мініп ап, мың сан шеңгелімен сүйек-сүйегінің бәрін мытып, үнтап, үгіп жатқандай сүлдерін сүйретіп төсегіне зорға жетті.
Қорғасындай зіл тыныштық-метафора
Шыңғыс хан таңғұт ханшасымен шатыр ішінде екеуден-екеу оңаша қалғанда барып, есін жиды. Сосын тысқа құлақ тұрді. Уәде бойынша күтушілер әміршілері әбден тояттап болғанша, аңғар сыртына шығып, қапияда біреу-міреу үстерінен түспеуіне қам жасауы керек еді. Шамасы, әлдеқашан аңғар сыртына шығып кетсе керек, маңайда сылдыр-сылдыр су үнінен басқа дыбыс естілмеді. Өне бойында лыпа жоқ, қақпанға түскен еліктей, өз-өзінен үркіп тұрған аруға қарай төне түсті. Сұлудың тұла бойында қару жасырардай қалтарыс атымен жоқ. Шыңғыс хан алма мойын аруды сұғанақ көздерімен тағы бір тінтіп өтті. Күтушілер қолдағы білезік, жүзік, құлақтағы сырға, шаштағы шолпы - бәрін сыпырып алыпты. Тамағынан күн жұтып қойғандай, ерекше бір нұр шашырап тұратын, әлсіз аппақ мойын құс-мамық төсекке шалқалап құлай берді. Ұлы әміршінің көзі қарауытып, үлбіреген еріндер мен жаутаң-жаутаң қарағанда жалынша шарпыған екі нәркес көзден басқа ештеңені көрген жоқ. Сәлден кейін екі тізесін шоқ қарып алғандай болды; ол ұяттан, ызадан, намыстан от болып, өртеніп жатқан Гүрбелжін ханымның ұлпа тақымы еді. Құмарлықтың дүлей желігіне біржолата беріліп, құдды бір жағаға шығып қалған балықтай тынысы тарылып, танауын жас тәннің, асау қанның, елден ерек сұлулықтың хош иістері қосыла аңқыған қос анардың ортасына енді апара бергенде, ұлы әмірші оқыс ышқынып, сылқ етіп, сұлу үстінен ауып түсті. Гүрбелжін ханым төсектің аяқ жағына түсіп қалған желең көйлегін қолына іле-міле сыртқа сып берді. Ұлы әмірші екі санын жуып бара жатқан қызыл-жоса қанға шошына қарап отырып қалды. Күтушілерін дауыстап шақыруға мынау қалпынан ұялды. Азу тісін сындырып жіберетіндей, шақыр-шұқыр тістеніп, етпетінен гүрс құлады.
Ханша Дария» романының оқиғасы өткен жерлер: Моңғолия аймағы. Бұл мекендер шығармада суреткерлікпен дәл бейнеленген.