86. Ә.Кекілбаевтің «Ханша-дария 85 хикаясындағы» құбылту мен айшықтау құралдарына талдау жасау "Ханша-дария хикаясы" – жарты әлемді жаулап алып, талай жұртты қан қақсатқан Шыңғыс ханның өмірінің соңы немен біткені жайлы аңыздардың бірі өзек болған шығарма.
Шығармада Шыңғыс хан таңғұт тайпасы қолбасшысының ұлы Шыдұрғының сүйгені Гүрбелжің сынды айдай аруға есі кетіп, ақырында сол бір текті әйелдің қолынан мерт болады. Повесте бұл жайды Шыңғыс хан түсінде көреді.
Күллі әлемді моңғол қылышының астында қайқаңдатқан, барша елді дегеніне жүргізген ұлы әміршінің өзі — сезім алдында дәрменсіз. Жазушы кейіпкерінің жан дүниесіндегі астан-кестен әлемді әдемі жеткізе біледі. Адамның ішінде болып жататын неше түрлі ағыстарды шебер бейнелеу арқылы ол тіпті ұлы тұлғаның да іштей қарапайым пендеге айналатындығына иландырады.
"Ханша – дария хикаясы" повесін оқып отырып, жарты әлемді қылыштың жүзі, найзаның ұшы, аттың тұяғы, білектің күшімен бағындырған, көшпелілердің қуатты ұлы империясын құрған Шыңғыс хан өміріне қатысты бір аңыздың суреткер призмасы арқылы қалай өткенін, тарағанын көреміз.
Көп уақыт бойы қаһарлы да қатыгез ұлы әмірші бейнесі әдебиеттерде бұрмалана кескінделіп, адамнан гөрі, құбыжыққа ұқсаңқырап келгені белгілі. Ұлы Әміршіден адамды көру, адам бейнесін жасауға ұмтылу, сол арқылы шығарманың көркемдік тұтастығын біражола бекіту – аталмыш повестің басты мұраты.
86. М.Әуезовтің «Қарагөз» әңгімесіндегі Қарагөз бейнесіне әдеби талдау Қарама-қарсылық ұстанымы шығарманың құрылымдық, уақыт пен кеңістіктік, тілдік ерекшеліктерінен де танылады. Антитеза шығарма басталғаннан-ақ көрінеді. Қарагөз «сансыз көп күндер өтіп жатса да не бір үміт әкеліп сергіткен, не болмаса жүдеу көңілді бір сағатқа болса да селт еткізіп алаңдатқан мезгіл болған емес». Ал «бүгін тау аса қонбақшы болған ауыл қалың таудың ішімен жартасты, тоғайлы шалғынды өзекпен шұбатылған шұбар топ болып... дабырлап, шулап келе жатты...» Әңгімедегі баяндау кейіпкердің кереғар ыңғайдағы сезімдерінің, эмоционалдық ахуалының күресін беруге құрылған. Жаны жалғыз, көңілі жүдеу, жабырқаған Қарагөзді өмір заңдылығы өз ырқына ыңғайлай береді.
Әңгіме концепциясында «адамды қызық думанға, сағымды түспен зор тілекке қол бұлғап шақырып тұратын» көктемнің көркем бейнесі, Әзімхан мен Қарагөздің махаббатының, бақытының баламасына айналған өткен күндерді идеалдандыру және хронотоптың ерекше функциясы, қатар жатқан қос желі: алты жыл бұрынғы көктем мен бүгінгі, кейіпкер басындағы түйінді оқиға тұсындағы көктем маңызды орын алады. Уақыт өткен мен бүгінгі күннің оқиғаларына романтикалық мән үстейді.
М.Әуезов «Қарагөзінің» басында сахнаға Нарша мен достары шығады. Қарагөздің өз ауылында ұнататыны бар ма деген күдіктері бар. Қарагөз бен Сырымның махаббатында тас бөгеттей үлкен кедергі бар. Ол – екеуінің туыстық түбірі жеті атаға жетпегендігі, сондықтан ру дәстүрі бойынша бір-бірімен қосылуға болмайтындығы. Оның үстіне Қарагөз басқа рудың белгілі, беделді жігіті Наршаға айттырылған. Нарша Қарагөздің бетін өзіне бұрып алмағанына қатты налыйды. Нарша мен Қарагөз отау тіксе де, Қарагөздің бар ойы Сырымда. Сүйгеніне қосыла алмаған әйелін көрген Нарша ауылдың маңдайы жарқыраған азаматы еді. Жарын түсініп, жанын күйік жеген Наршаны автор көркем әдебиетте кездесе қоймайтын тұлғалардың қатарына қосады.
87.Портрет поэтикасы. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы портрет
үлгілерін талдау.
Сурет өнерінде әр қаламгер, қаламынан туған дүниесін өзінше пайымдайды. Сол сияқты Ж.Аймауытов та «Ақбілек» романын жаза отырып, басты кейіпкер бейнесін сомдауда оның образына сүйсінген тәрізді. Оның тылсым бейнесін үлкен махаббатпен суреттеген. Романның алғашқы жолдарында Ақбілек бейнесі былайша сомдалған: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі - жас түлегі, айы-күні - сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдыратып, былдыратып, ақ көйлегін көлеңдетіп...»
· Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.
· Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.
· Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.
· Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген
· Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.
· Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы.Оқырман назарына негіз
ретінде ұсынылған – қазақ қызының тағдыры.Ақбілек – шығарманың басты
тұлғасы,əкесі мен анасының алдында өскен қазақтың таңдаулы қызы
.Ақылына көркі сай,тəрбиелі,сүйкімді.ағыз қазақ қызының символы
дерсің.Елінен жат шығып көрмеген,он екəде бір гүлі ашылмаған осындай
періште қыздың орыстардың қолына тап болуы трагедия басы еді.Əкесінің
шаңырағын ортасына түсіріп, анасын азаптап өлтірген орыстардың
жантүршігерлік ісі Ақбілектің есіне таңба болып басылды.Қара мұрт
офицердің ойыншығына айналған қыздың бір намысы тапталып,жанына
жазылмас жара салынды.Ақ офицерлек мен Ақбілекті тастап кетіп,қыздың
қосты қоршаған қасқырлармен арпалысуы – оның басына салынған
қайғының қою екенін көрсетеді.Ауылына келіп,Ақбілектің бар ерікті тілсіз
көз жасына беруі – қыздың іштей күйінгені,зары мен мұңы «Кəпір» деп
атайтын орыстардың қолынан келген қызды кім де болсын жақтыртпайды.Ар
азабына əкесінің қызының қашқақтауы,сүйеу жігіттің бас тартуын келіп
қосылып,Ақбілек мүлделі қайғыға түседі.Жүкті болған қыз ауылынан пана
таппай,ағасына еріп қалаға кеткені-ендігі қыздың алдына жаңа мақсат
қойып,бас көтергені деп білемін.Ол бойына қажымас қайрат,төзімділік пен
сабырлылықты шақырып,алға ұмтылғаны – кез келгеннің қолынан келе
бейрмейтіні.Балташты өмірлік жары деп тауып,Ақбілек үшін жарқын
күндердің есігі ашылды. «Оқымаған əйел қор ғой,қапастағы құстай ғой»,-деп
ойлаған Ақбілек білімге ұмтылып,азаматтық құқыққа ие болған алғышқы
қазақ əйелінің бейнесі болды.
Сөз соңында айтарым,қаншама қиын қыстау кезеңді басынан өткерсе де
мойымаған Ақбілектің ерлігі барша қазақ қыздарына үлгі болса екен
деймін.Намыс,қайрат,жігері жүрегіне қонған Ақбілектің өсу жолы - ұлы
намыс жолы екендігі хақ
89. Батырлар жырындағы әсірелеудің түрлері