35-сабақ. Ата-баба мұрасын құрметтейміз
Күні
|
Мұғалімнің есімі
|
Сынып 4
|
Қатысқандар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
4.3.3.1 Шығармашылықжұмысынсызба,диафильм,
таныстырылымтүріндеұсыну
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: Өлеңді түсініп оқиды. Тақырыпқа сай шығармашылық жұмыстарын орындап, сызба, сурет арқылы көрсетеді. Тақырыпқа қатысты өз ұсынысын білдіріп, дәлелдермен негіздейді.
Оқушылардың басым бөлігі: Өлең мазмұнын өз сөздерімен баяндап жазады.
Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты қорытынды жасап, баға береді.
|
Бағалау критерийлері:
|
Түрлі шығармашылық жұмыстар орындайды.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің
дамуына үлес қосу
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интербелсенді тақта
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы
білім
|
Қазақ халқының дәстүрлері, қолөнері, ән-күйі, саз аспаптары жайлы
біледі.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған әрекет
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Қызығушылықты ояту (МК) «Амандасу салтымыз, Бармысыздар, жалпыңыз.
Бағалыны артына, Қалдырған екен халқымыз», –
дегендей, қазақ халқының ата-баба мұрасы өте бай. Бүгінгі сабағымызда ата- баба мұрасына тоқталамыз.
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.
|
|
Ортасы
|
Мағынаны тану
(Т) «Бірлесіп орында» айдары бойынша кестемен жұмыс
Оқушылар төрт топқа топтасып отырады.
І топ: «Саз аспаптары» тобы – сурет арқылы немесе қимыл қозғалыс арқылы ұлттық саз аспаптарын көрсетеді.
Дескрипторы: Ұлттық саз аспаптарының суретін салады немесе қимыл арқылы саз аспабын ойнауды көрсетіп, дыбысын ауызбен айтады.
ІІ топ. «Зергерлік бұйымдар» тобы – топтастыру сызбасы арқылы зергерлік бұйымдарын жазады.
Дескрипторы:
Қазақ халқының ұлттық зергерлік бұйымдарының атын топтастырып жазады.
Әр бұйым жайлы түсініктеме береді.
ІІІ топ. «Әншілер мен күйшілер» тобы – бірігіп екі әннен үзінді орындайды.
Дескрипторы: Қазақтың халық әндерінен 2 әнді таңдап, үзіндісін бірігіп орындайды.
|
Топтастыру парақтары
|
|
ІV топ. «Шежіреші жеті ата» тобы – жеті атаның шежіресін сызба арқылы көрсетеді.
Дескрипторы: «Жеті ата» шежіресін сызба арқылы көрсетіп, мысал келтіреді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |