(Т) Өлең мазмұнына сәйкес суретті сипаттау «Көрме» әдісі бойынша жүргізіледі. Әр топ өздеріне берілген өлең мазмұнына сай постер құрастырады. Ол сурет немесе тірек- сызба көрінісінде болуы мүмкін. Осы бойынша көрші топ көрме барысында өзге топтың өлеңінің мазмұнын қаншалықты түсінгенін баяндайды. Содан кейін әр топ өздеріне берілген өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашады. Дескриптор:Оқушылар көрші топтың өлең мазмұнын айтып береді.
Барлық айдарлар кезегімен келмейді. Себебі сабақ топтастырылып өтеді.