Теориялық бөлімі
Ашытқы саңырауқұлақтары – бір клеткалы микроскоптық саңырауқұлақтар. Клеткасының диаметрі 8-15 м (микрон миллиметрдің мыңнан бір бөлігі). Пішіні эллипс, алмұрт, дөңгелек және цилиндр тәрізді.
Ашытқы саңырауқұлағы
Вегетативтік, жыныссыз және жыныстық жолмен көбейеді, қозғалмайды. Вегетативтік жолмен көбейгенде бүршіктер түзеді. Оларға Saccharamyces және Zipamyces жатады. Кейде көбейген клеткалар бір-бірінен бөлінбей бір жерге шоғырланып орналасса, онда нағыз мицелий түзіледі. Жыныссыз жолмен көбейгенде де арнаулы қапшықтарда спора түзіледі. Споралары қолайсыз ортаға төзімді. Олардың тыныштық формасы – хламидоспоралар. Ол липид сияқты қоректік заттардың қорына бай, дөңгелек қалың қабығы бар клеткалар. Жаңадан жасалған қоректік ортаға сепкенде олардың клетка қабығы шапшаң ыдырайды да, бүршіктенуі өте белсенді жүреді. Кейбірінің клеткасы белгілі бір жағдайға тап болғанда, полисахаридтерден тұратын шырыш капсулалармен қоршалады. Ядросы цитоплазмамен екі қабат саңылауы бар жарғақшамен оқшауланған. Ядроның ішінде ядрошық болады.
Ядрода митохондриялар болады. Оның клеткадағы саны жүзден мыңға дейін барады. Барлық эукариоттар сияқты ашытқыш саңырауқұлақтарда цитоплазмалық мембрана жақсы дамыған. Онда эндоплазматикалық тор, Гольджи аппараты және мезосомалар орналасқан. Белгілі бір қоректік ортада өсіргенде ашытқыш саңырауқұлақтар клеткасында қор заттары жиналатыны байқалады. Оған дән тәріздес гликоген мысал бола алады. Ашытқыш саңырауқұлақтар липидтерде жиналады. Вакуольде полифосфат дәндері сабақтарда көбінесе нан ашытқыш саңырауқұлақтары қолданылады. Сүт қышқылы ашу процесін зерттегенде онда жақсы тіршілік ететін Oidium lactis ашытқыш саңырауқұлақтары қарастырылады.
Ашытқы саңырауқұлағының микроскоптағы көрінісі
Актиномицеттер немесе сәулелі саңырауқұлақтардың басқа микроорганизмдерден айырмашылығы оның зең саңырауқұлақтарының мицелийі сияқты ұзын, бұтақтанатын мицелийінің болуында. Жалпы алып қарағанда, саңырауқұлақтар мен бактериялардағы болатын қасиеттердің актиномицеттерге де тән екендігі белгілі.
Қатты қоректік ортада өскен актиномицеттерден оларға тән құрылымдар мен колониялардың бояуын жәй көзбен көруге болады. Бұл колониялардың бір жартысы қоректік орта ішінде орналасса, қалған бөлігі ауа мицелийі түрінде, оның бетінде өсіп өнеді. Оның ұшында споралар орналасқан бұтақшалар немесе споратасығыштар түзіледі. Спора орналасқан бұтақшалардың бір бөлігімен немесе спораларымен актиномицеттер көбейеді.
Актиномицеттер басқа микроорганизмдер сияқты табиғатта кең тараған және олардың маңызы зор болады. Топырақта олар әр түрлі заттардың айналымына белсене қатысады. Бірқатар актиномицеттерден науқасқа шипа дәрілер алынады.
Актиномицеттер
1. Streptomyces; 2. Streptoverticillium; 3. Nocardia;
4. Micromonospora; 5. Streptosporangium.
Достарыңызбен бөлісу: |