Әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалды



бет5/32
Дата12.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#92515
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
дістемелік н с ау п нні о у ба дарламасы негізінде дайындалды

а) жұғынды дайындау.Тазартылған заттық әйнекке құбыр суының кішкене тамшысын тамызып,, оған бактериалдық ілмекпен зерттелетін мәдениеттің азғана мөлшерін қосады. Алынған суспензияны бактериалдық ілмекпен заттық әйнектің 1-2 см2 бетінде біркелкі жағады.
б) жұғындыны кептіру. Жұғынды бөлме температурасында жақсы кептіріледі. Егер баяу кебетін болса, препаратты жылы ауа ағынында қыздыруға болады, бірақ жұғындыны қатты қызып кетуден сақтау керек.
в) фиксациялау. Фиксациялауда кең қолданылатын әдіс – термиялық өңдеу. Ол үшін заттық әйнекті жұғындысын кептіріп, спиртшам жалыны арқылы 3 рет өткізеді (қатты қыздыруға болмайды). Сонымен қатар химиялық заттармен де фиксациялауға болады: ол үшін фиксациялаушы сұйықтықты жұғынды бетіне құйып немесе препаратты белгілі бір уақытқа фиксаторы бар стаканға орналастырады. Фиксациялауды аяқтаған соң препаратты құбыр суының ағынында фиксатордан тазартады.
г) бояу. Микроскопиялық препараттарды бояғанда қолданатын негізгі бояғыштар – фуксин, генцианвиолет, метилен көгі.
Фиксацияланған препаратты кюветаға орналастырылған шыны көпіршеге қояды да, бояғыш ерітіндісінің бірнеше тамшысын пипеткамен құяды. Боялу ұзақтығы – 1-3 минут. Бояу кезінде жұғындыдағы бояғыш ерітіндісі құрғамауы тиіс, қажетінше бояғышты жаңадан қосып тұру керек. Бояуды аяқтаған соң ағатын су түссіз болғанша жұғындыны су шашқыш көмегімен жуады. Осыдан кейін препаратты ауада кептіреді немесе фильтр қағазымен жайымен құрғатып, иммерсиялық объективпен қарайды.
1. Таяқшалы бактерияның ЕПА-дағы өсімі (пробиркада)
2. Тірі микроағзалардан препараттар дайындау
3. Жаншылған және «аспалы тамшы» тәсілімен жағынды дайындап, пішіні мен қозғалысын бақылап суретін хаттама түрінде орындау.
4.Демонстрациялық препараттарды қарап (таяқша, кокка, иілген, жіпшелі микробтар) пішінін, орналасу ерекшелігін ажырату, суретін салу.


Хаттама
Микроорганизмдердің морфологиясын зерттеу

Күні

Зерттеу нысаны

Зерттеу барысы

Нәтиже

І

ЕПА-дағы таяқшалы бактерия өсімі

  1. «Жаншылған» тамшы түрінде жағынды дайындау

  2. Микроскоппен қарап, суретін салу




І

ЕПА-дағы таяқшалы бактерия өсімі

  1. «Аспалы» тамшы түрінде жағынды дайындау

  2. Микроскоппен қарап, пішінін ажырату, суретін салу.




І

Демонстрациялы, дайын жағынды препараттар

1.Микроскоппен қарап, пішінін ажырату, суретін салу.




Блиц тест:

1. Микроскопты алғаш ашқан ғалым?
А) А.Левенгук
В) В.Д.Тимаков
С) К.Грам
D) Л.Пастер
Е) Р.Кох

4. Микроорганизмдердің қозғалысын анықтау (тірі күйінде зерттеу) әдісі?
А) грамм әдісімен бояу
В) «ілінген тамшы» препаратын дайындау
С) әсерлестік қою (серологиялық әдіс )
D) тері –аллергиялық сынақ қою
Е) ондай әдіс жоқ

2. Жағынды препаратты бекіту әдісі?
А) от жалынында
В) автоклавта
С) термостатта
D) центрифугада
Е) бояу арқылы
3.Эукариоттар патшалығына жатады?
А) вирустар
В) бактериялар
С) саңырауқұлақтар
D) риккетсиялар
Е) микоплазмалар

5. Бекітілген боялған жағынды препарат дайындаудың неше сатысы бар?
А) 4 D) 5
В) 2 Е)7
С) 7
6. Микроорганизмдерді өсіру үшін қолданатын құрал?
А) Автоклав
В) Термостат
С) Центрифуга
D) кептіру пеші
Е) фильтрлер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет