Жұмыстың орындалу тәртібі: 1. 1 мг өнімді (құрғақ ашытқыны) 100 есе дистилденген стерильді суға араластырыңыз.
2. 1 мл сұйылтылған өнімді екпе материалы тегіс орналасуы үшін Петри табақшасына салып жеңіл айналдырып шайқау жолымен мұқият араластырыңыз.
3. 1 мл сұйылтылған өнімнің үстіне жылы қантты суды тамызыңыз.
4. Таза заттық шынының үстіне пипетканың көмегімен зерттеуге алынған материалдың бөлігін жағыңыз;
5. Дайындалған препаратты бөлме температурасында кептіріп, от жалынында ұстаймыз да, бояғыш заттардың көмегімен бояңыз;
6. Дайындалған препаратты микроскопқа қойып, ашытқы саңырауқұлақтарының жасушасын қараңыз;
7. Ашытқы саңырауқұлақтарының жасушасының микроскоптағы көрінісінің суретін дәптерге салыңыз;
8. Ашытқы саңырауқұлақтарының жасуша құрылысының суретін салып, құрылысын ажыратыңыз;
8. Жасалынған зертханалық жұмыстың есебін дәптерге жазып, ашытқы саңырауқұлақтарының тағам өнеркәсібіндегі маңыздылығын, ашытқы саңырауқұлақтарының жасуша алу технологиясын түсіндіру.
1. Ашытқы саңырауқұлақтарының морфологиясын зерттеу. 1. 10 %-ті қант ерітіндісінде өсірілген нан ашытқысынан жұғынды даярлау.
2. Жұғындыға метилен көгін тамызып, спиртовка жалынында қарып алу қажет.
3. Препаратты иммерсиялы жүйеде микроскоппен қарайды.
4. Клетканың ішінде волютин болса, ол көк-күлгін түске боялады, ал плазмасы – ашық көк түсті. Препаратқа 5%-ті сода ерітіндісімен әсер етсе, волютин түссізденеді, ал плазма сол ашық-көк күйінде қалады. Егерде иод ерітіндісімен әсер етсе көк-күлгін түс қара түске айналады.
5. Көрген бейнелердің суретін салу
2. Гликогенді анықтау.Микроб клеткасында гликоген (жануарлар крахмалы) жиі кездеседі. Бұны анықтау үшін бактериялар культурасының бір тамшысын сондай мөлшердегі Люголь ерітіндісімен араластырады. Сонда гликоген қызыл түске боялады. Гликоген ашытқыда, шөп таяқшасында кездеседі. Клеткада гликоген жиналуы үшін қоректік орта көмірсуға бай болуы тиіс.