Әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалды


Жұмыстың орындалу тәртібі



бет4/32
Дата12.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#92515
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
дістемелік н с ау п нні о у ба дарламасы негізінде дайындалды

Жұмыстың орындалу тәртібі:
1. Микробиологиялық зертхананың құрылымымен танысу;
2. Микроскоптың құрылысымен танысу;
3. Микроскоптың суретін салып, құрылымын ажырату;
4. Жүргізілген жұмыстың есебін жазу.


Әдебиеттер:
1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93.
4. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Динмухамедова А.С. Микробиология: Оқулық.-Алматы, 2019

2-зертханалық сабақ




Тақырыбы: Бактериялардың морфологиясы. Жағынды препараттар дайындау.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді зертханада микробтар өсімімен жұмыс істеудің ережелерімен түсіндіру. Микроорганизмдердің таза өсімдерімен бекітілген жағындылар дайындау.
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал жабдықтар: Әрбір студентке арналып жабдықталған жұмыс столы болуы тиіс: Микроскоп (биологиялық), заттық және жабын әйнектер, бактериологиялық ілмек, стерильді пипетка, пробиркалар (штативте); дез ертінді (1№ хлоромин), иммерсиялық май, кюветалар, метилен көгі (1: 40), бактериялардың препараттары, бактерия культуралары, сүзгіш қағаз, сабын.
Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.
ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.
ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау.
IV. Тапсырмаларды орындау.
V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау


Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:
І. Микроорганизмдердің препаратын дайындау.
1. “жаншылған тамшы” әдісімен препарат дайындау үшін заттық әйнекке құбыр суының кішкене тамшысын тамызып, оған зерттелетін мәдениеттің азғана мөлшерін қосады да, араластырып, жабын әйнекпен жабады. Жабын әйнектің бір шетіне азғана метилен көгін немесе бейтарап реакциялы қызыл бояуды тамызады. Бұнда бактериялар көк немесе қызыл түске боялады да, анық көрінеді. Жабын әйнек астынан сұйықтың артық мөлшері жайылып тұрса, фильтр қағазымен құрғату керек. Егер де иммерсиялы объективпен қараса жабын әйнектің бетіне самырсын майын тамызады.
2.аспалы тамшы әдісі микроорганизмдердің қозғалысын анықтау үшін қолданылады. Сонымен қатар микроорганизмдердің көбеюін, спора түзуін, жасушаның химиялық тітіркендіргіштерге қатынасын зерттеуге болады. Препаратты дайындау үшін микроорганизмдер суспензиясының кішкене тамшысын жабын әйнекке тамызады. Содан соң жабын әйнекті төңкеріп, ортасында ойығы бар залалсыздандырылған заттық әйнекке жабады. Тамшы ойыстың түбіне тимей,еркін салбырап тұруы тиіс. Ойыстың жиектеріне алдын-ала вазелин жағылады.
3. Фиксацияланған клеткалар препараттарын дайындау:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет