Әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалды



бет10/32
Дата12.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#92515
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Бақылау сұрақтары:
1. Саңырауқұлақтардың систематикасы
2. Ашытқы саңырауқұлақтардың құрылысы
3. Ашытқы саңырауқұлақтардың көбеюі
4. Ашытқы саңырауқұлақтардың классификациясы


Әдебиеттер:
1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93.
4. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Динмухамедова А.С. Микробиология: Оқулық.-Алматы, 2019
4 зертханалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сүтқышқылды өнімдердің микрофлорасын анықтау
Сабақтың мақсаты: Сүт қышқылды өнімдердің – айранның, йогурттың, сүттің микрофлорасын зерттеу
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: микроскоптар, сүт, айран, йогурт, дистилденген су, фильтр қағазы, заттық шынылар, жабын шынылар, бактериологиялық ілмектер, пинцеттер, пипеткалар, бояғыш заттар.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1. Микроскоптау әдісімен сүтқышқылды өнімдердің микрофлорасын анықтау;
2. Тәжірибенің хаттамасын толтыру.


Теориялық бөлімі

Микрофлораның құрамы мен дайындау әдістеріне қарай сүт қышқылды өнімдерді төмендегідей топтарға бөледі:


- көп құрылымды ашытқы (закваска) арқылы жасалынған сүт өнімдері (айран, қымыз). Бұл өнімдер тобының микрофлорасы сүтқышқылды бактериялардан (бір немесе бірнеше түрі), ашытқылардан, сирек жағдайда сірке қышқылды бактериялардан тұрады. Ашытқылар мен сіркеқышқылды бактериялар өнімге арнайы дәм мен иіс береді. Айран өндірісінде табиғи симбиотикалық ашытқы – Lactobacillus сүтқышқылды бактерияларынан , Saccharomyces kefir ашытқыларынан және стрептококкалардың кейбір түрлерінен тұратын айран саңырауқұлақтары. Қымызды сүтқышқылды бактериялардың (Lactobacillus casei және т.б.), стрептококкалар мен ашытқылардың көмегімен бие сүтінен алады. Мұндай ұйытқыларды қолданып сүтті ашыту 10-12 сағат ұзақтығында 20-22 °С температурада жүргізіледі.
-  мезофильді сүт қышқылды стрептококкалардың көмегімен жасалынған өнімдер (сүзбе, қаймақ, кәдімгі простокваша). Мұндай сүт өнімдерінің негізгі өкілдері сүт қышқылды стрептококкалар: Streptococcus lactis, Streptococcus acetoinicus, Streptococcus cremoris, Streptococcus diacetylactis. Сүтті ашыту 30 °С температурада 6-8 сағат ұзақтығында жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет