Қысым көрсету тобы - өзінің мүддесін саяси билік құрылымының мақсатты әсерін белсенді қанағаттандыратын қоғамдық бірлестік.
Қысым көрсету тобының әр алуындығы - кәсіби одақтар, кәсіпшілер ассоциациясы, кооператорлар одағы, тұтынушылар, өрісті қауым және басқа да қоғамдық бірлестіктер. Лоббизм - протекционизм, мемлекеттік билік органдарында экономикалық немесе саяси мүдделердің насихаты және көрсетілімі.
Лоббизм саяси билікпен қатаң түрде байланысқан. Мынадай заңдылық бақыланады: лоббизм көбіне нақты билікте кездеседі. Лоббизм билік белгісі болып табылады.
8-тақырып. Әлеуметтік-этникалық қауымдастық және ұлт саясаты Этникалық қауымдастық – ұлттан (буржуазиядан шыққан қоғам), ұлыстан (феодалдық және құлдық қоғам), тайпадан (алғашқы қоғам) тұратын, тұрақты адамдар тобының әлеуметтік құрылымының түрі. Осы тарихи қауымдастықтардың әрбір формасын кейбір кезде ұлт деп айтады. «Этникалық қауым» түсінігі де бірнеше ұлттар мағынасын білдіреді. Мысалы: орыстар, украиндықтар, белорусьтар, болгарлар және т.б. славян-дардың этникалық қауымдастығын құрайды.
Ұлт – этностың жоғарғы типі. Ұлттың мәнді сипаттарына әр түрлі түсінік беретін алуан түрлі көз-қарастар мен тұжырымдар бар. Кейбіреулері, ұлттарды адамдардың мәдени-психологиялық қауымдастығына балайды, екіншілері, оларды тарихи тағдырының тұтастығымен байланыстырады, үшіншілері, ұлттардың обьективті шеклеулі белгілерін көрсетпейді және барлығын өзіндік баға беру ісімен байланыстырады. Ұлттың негізгі белгілеріне аумақтық бірлігін, экономикалық байланыстарды, тілді, психоло-гияны мәдениетпен сана сезімді жатқызатын көзқарас кеңінен тараған.
Ұлыс – шаруашылықтың, өмірдің, тұрмыстың, мәдениеттің, тілдің, мәдениет ерекшеліктерінің территориялық бірлігіндегі тайпалар қарым-қатынасының ыдырау нәтижесінде құрылған адамдар қауымдастығы.
Аз ұлттар – шекараның өзгеруінің, көші-қонның немесе күштеп қоныстандырудың нәтижесінде өзінің халқынан бөлінуімен қалыптасқан этникалық қауымдастықтың формасы.