7-тақырып. Саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар Саяси партия (латын тілінен аударғанда "бөлшек", "топ" дегенді білдіреді) – ол әлеуметтік топ пен қауымның мүддесін білдіретін және идеологиялық бірлікпен байланысатын,саяси билікке ықпал ететін ең белсенді және ұйымдасқан ірі қауымдастықтың бөлшегі.
Партиялардың негізгі белгілері: • адамдардың бірлескен әрекеттерінің жеткілікті уақыт ұзақтылығы.
• белгілі бір идеологияны ұстанушы.
• бірлестіктің еріктілігі.
• мемлекеттік билікті жаулап алу мақсаты мен жүзеге асырылуы.
• белгілі бір қоғамдардың және тобының саясаттағы мүддесін білдіруі мен тұрақтандыруы.
Партия қызметтері: Әлеуметтік қызметтері: • мүдденің қорғалуы - әлеуметтік мүддені білдіруі, саяси шешімдердің әлеуметтік трансформациядағы талаптары.
• әлеуметтік интеграция - саяси жүйеге әртүрлі топтың қосылуы, әлеумет-тік және саяси коммуникациялардың дамуы, конфликті мүдденің бітімі.
• саяси әлеуметтену - партия мүшелері мен жақтастарының санының көбейюі.
Идеологиялық қызмет. • партиялық идеология мен партиялық пропаганданың жетілуі және таралуы.
Саяси қызметтері. • мемлекеттік билікті жаулап алу.
• саяси реттеушілік - партия кадрларының іріктелуі және алға жылжуы, саяси элитаның топтарының сұрыптылуы.
Басшылық қызметі (коммунистік және дәстүрлі қоғамдағы тек авангардты партияның түріне арналған).
Партия құрылысы. • партиялық аппарат
• қарапайым партия мүшелері (партиялық қауым)
• партия жақтастары.
Партиялық жүйе -партия жиынтығы (оппозициялық және басқарушылық), билік үшін күреске қатысу және оны жүзеге асыру.
Саяси қоғамдық қозғалыс-азаматтардың әлеуметтік топтың белгілі мүдденің бейімділігіне білдіру және қандай да бір саяси мақсатқа жету бағыты.
Саяси партиялардың саяси-қоғамдық қозғалыстардан айырмашы-лығы: • әлеуметтік қозғалыс базасы көбіне кең, аморфты, өткір;
• саяси қоғамдық қозғалыстар тек бір саяси концепцияны ұстанады және ірі саяси мәселені шешуге қол жеткізеді, партия сияқты мақсаттар жиын-тығын емес, тек бір мақсаты бар.
• партия сияқты қоғамдық-саяси қозғалыстар ұзақ өмір сүреді;
• саяси-қоғамдық қозғалыстар билікке ұмтылмай, оған әсер етуге тыры-сады, осы билікті өздерінің мәселелерін шешуге болады (билікке күресте саяси қоғамдық қозғалыстар саяси партияға өзгереді) бастама топтары, клубтар, одақтар қоғамдық саяси қозғалыста саяси белсенділіктің орталығы ретінде қатысады.
• қоғамдық саяси қозғалыста ішкі формальды иерархия тұрақты мүшелік және соған сәйкес құжаттар (бағдарлама,жарғы т.б) жоқ.