Ежелгі дүниедегі саяси идеялар



бет12/25
Дата02.03.2023
өлшемі89,71 Kb.
#71017
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Ұлттық сана-сезім – ұлттық қауымдастықтар мүшелерінің өз тарихындағы көзқарастар жиынтығы, баға беруі, қарым-қатынастары мен көзқарасқарастарының мағынасы мен ерекшеліктерінің түсінігі, сонымен қатар жаңа замандағы хал-жағдайы мен өзінің даму көрінісі, ұқсас қауымдастықтардағы орны мен мінез-құлықтарының қарым-қатынасы.
Ұлттық сана-сезім әлеуметтік, саяси, діндік және басқа да көзқарастар ұлттардың рухани дамуының ерекшеліктері мен дәрежесінің жиынтығы ретінде әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың құрылу негіздерінің бірі болып табылады.
Ұлттық мәселе – ұлттар мен басқа әлеуметтік-этникалық қауымдастық-тардың саяси, экологиялық, территориялық, идеологиялық және мәдени қарым-қатынастарының жиынтығы: бұл мәселе осы қауымдастықтардың арасындағы бір-біріне деген дау жанжалдар мен сенімсіздіктерінің себепте-рінің, сонымен қатар солардың көпұлттылық қоғамдағы жүйелік белгінің тіршілік ету себептерінің түсінігі.
Бұл ұлттардың тату өмір сүру және қарым-қатынастарының тең және тәуелсіз негізінде шешілітін әдіс тәсілдерімен жолдар мәселесі. Бұл мәселе дамымаған әлеуметтік-этникалқ қауымдастықтардың қиындықтарын жеңу және дамыған мемлекеттердың қатарына жету; ұлтаралық мәселе көп ұлттық елдерде байқалады. Ұлттық мәселе дүние жүзілік мемлекеттерде бәріне қатысты.
Әр тарихи дәуірде және әр көп ұлтты мемлекетте ұлт мәселесіне байла-нысты ерекшілігі бар. Бұл мәселе әсіресе буржуазияның феодализмге қарсы күресінде және капитализмнің пайда болуы кезеңінде орын алды. Тәуелсіз мемлекет үшін күресте саясаттың негізгі мәселесі ұлт бостандығы. Соңғы уақытта әр елдерде және әр жылдарда бірінші орынға ұлт мәселесінің мынан-дай жақтарын ұсынады: экономикалық тәуелсіздік, ұлттық мәдениет пен тілдің тең дамуы және т.б.
Саясатта ұлт мәселесін валюнтаристік тұрғыдан қарау дүние жүзілік аренада көп ұлтты мемлекеттің ішінде үлкен бір дағдырысқа ұшыратуы мүмкін.
Ғылыми әдебиетте ұлт саясаты туралы екі көзқарас қалыптасқан: кең және тар мағынада. Бірінші көзқарастардың жақтастары «көп ұлтты мемлекетте ұлт мәселесі тіл, мәдениеттің дамуы конституцияда және ұлттық бағдарламаларда бекітілген – ол мемлекетте саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың стратегиялық бағыты ретінде қарастырған. Екінші пікір – ұлтаралық саясат ол мемлекеттік заң, ұйымдастыру және идеологиялық шаралар, этностардың қарым-қатнастарын жүзеге асыру үшін бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет