Ежелгі дүниедегі саяси идеялар


-тақырып. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар



бет22/25
Дата02.03.2023
өлшемі89,71 Kb.
#71017
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
14-тақырып. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.
Халықаралық қатынас – бұл экономикалық, саяси, дипломатиялық, әлеуметтік, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыс пен әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы.
Халықаралық қатынастарға ықпал ететін факторлар: әлемдік эконо-микалық жағдай, әскери стратегиялық жағдай, жеке мемлекеттердің ықпалы, табиғи ортаның әсері, шикізат және табиғи ресурстар жағдайы.
Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері: халық, мемлекет, мемлекетаралық ұйымдар, әлемдік, аймақтық, саяси үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар.
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастың дамуының негізгі тенден-циялары: әлемнің тұтастығы мен өзара тәуелділіктің артуы, халықаралық қатынаста көпұлтты жүйенің пайда болуы, әлемдегі әлеуметтік әр тектіліктің сақталуы, қарама-қайшылықтар мен шиеленістерді шешуде саяси құралдардың рөлінің артуы, проблемаларды шешудің дәстүрлі жолдарымен әлемдік дамудың шынайылығы арасындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуі, біртіндеп геосаяси кеңістіктің капитал, тауар, қызмет түрлері бар біріккен аймақтың құрылуы.
Сыртқы саясат – бұл халықаралық аренада өз мүддесі мен қажеттілік-терін іске асырудағы мемлекет пен басқа да қоғамның саяси институтта-рының қызметі.
Сыртқы саясаттың мақсаты: саяси курстың өткізілуі мен елдің сыртқы экономикалық дамуын қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету; сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асырып, халықаралық байланыс жүйесін қамтамасыз ету.
Сыртқы саясатты жүзеге асырудың формалары: мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастар орнату, халықаралық ұйымдар негізінде немесе соған мүше ретінде мемлекеттік өкілдіктердің ашылуы, мемлекет, партия өкілдерімен әр түрлі дәрежеде жиі және үнемі байланысты жүзеге асыру.
Мемлекеттің сыртқы саясатындағы әдіс-тәсілдер: үнемі информация алмасуды іске асыру, әр-түрлі дәрежеде ресми түрде қарым қатынас пен алмасу, екі жақты және көпжақты шарттар мен келісімдер дайындау, мемле-кеттердің ішкі және сырқы саяси іс-әрекеттерін немесе олардың одақтасуы-ның даму мүмкіндіктеріне көмектесу, толық немесе жартылай блокадаға дайындалу және жүзеге асыру, сырқы саяси жағдайда қолайлы әскери іс-әрекет жүргізумен қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет