Үшінші кезеңде 2001-2006 жж., әлеуметтік-экономикалық жағынан ілгері басып, мемлекеттілік қалыптасып, Қазақстан регионалды жетекші ел қата-рына қосылды. Көпұлтты және көпконфессилы Қазақстан қоғамында демократиялық дәстүрлер нығайтылды. Осы жылдары мемлекеттік басқару мен міндеттерге шек қою, жергілікті органдар өкілеттілігін кеңейту шара-лары қолға алынды. Тәжірибе ретінде кәсіби парламент комитеттерінің отырысында Парламентке Үкімет мүшелерінің кандидатурасын талқылау ұсынылды. Президент бастамасымен әкімдер халық алдында есеп беретін болды. Сайлау заңдылықтары мен тәжірибесі жетілдірілді. Атқарушы билік-тің міндеттері айқын да анық жүргізіліп, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы терең әкімшілік реформа басталды. Сот статусы мен сот жүйе-сін жетілдіру, саяси партиялар, БАҚ, мемлекеттік басқару өкілеттіліктерін және сайлау заңдылығын дамыту туралы қайта қаралып талқыланды. Бұның барлығы саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы негізінде жасал-ды. Бұл ҚР-сы Президенті пікірі бойынша, Қазақстан демократиясы тари-хында ең негізгі кезеңнің бірі болып саналады.
2007 жылы мамырда Президент «Қазақстан Республикасы Конституция-сына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Парламентке ұсынды. Парламент біріккен екі палата отырысында заң жобасын бекітті. Бұл заң жобасы елде басталған либералдық реформалардың заңдық негізін салып, қоғамдық және мемлекеттік мүдденің жаңа балансын енгізуге шақырып, Қазақстанның жаңа даму этапында мемлекеттік құрлыста тоқтату мен қарсы әсер етудің жаңа жүйесін қалыптастырыды.
Барлық өзгертулер мен толықтыруларды бірнеше бағыттармен топтасты-руға болады.
Бірінші, билік өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерін қайта бөлу және Парламенттің ролін көтеру. Тәжірибе жүзінде республика моделі президенттіктен президенттік-парламенттікке ауысып, президент өкілеттілі-гінің мерзімі 7 жылдан 5 жылға қысқартылды. Мәжіліс депутаттарын сайлау пропорционалды сайлау жүйесі бойынша өткізіледі. Бұл елдің саяси жүйесін-де саяси партияның ролін күшейтеді. Мәжіліс құрамы 107 депутаттан тұра-ды, оның 9-ы Қазақстан халықтар Ассамблеясынан. Үкіметтің қызметін тиімді қадағалауда парламенттің өкілеттілігін күшейту.