Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қорытындысы: көтеріліс жеңілді. Пугачев дарға асылды



бет59/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   151
Қорытындысы: көтеріліс жеңілді. Пугачев дарға асылды






  1. С.Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің тарихи орны.

Тарихнамасы: 1832 жылы Санкт-Петербургтен шыққан А.И.Левшиннің «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» деген еңбегі көтеріліс жайлы алғашқы еңбектердің бірі. Осы еңбектің II томының қырық шақты беті тек қана Сырым қозғалысының та­рихына арналған. А.И.Левшин бұл оқиғаға объективті тарихшының көзімен қа­рамайды; Л.Мейердің «Киргизская степь Оренбургского ведомства» дейтін еңбегінде де А.И.Левшиннің әсері анық байқалады. Бұл кітаптың екеуінде де авторлар Сырым қозғалысының фактілі де, нақтылы да жағын баяндауда Левшиннің айтқандарына ешқандай жаңа материалдар қоспай, тек соны ғана қайталап шыққан. А.И.Добросмысловтың «Тургайская область» дейтін тарихи очеркін, М.Терентьевтің «История завоевания Средней Азии» дейтін дүниелерін айта кетудің артықтығы жоқ. Кеңес өкіметі тұсында бұл та­қырыпты қайта көтергендердің бірі – А.П.Чулошников болды. Сырым қозғалысының тарихын егжей-тегжейлі зерттеген бірден-бір адам – М.П.Вяткин. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс туралы Акадсмик А. Нүсіпбеков «Қазақ ССР тарихының» 1-томының арнайы тарауын жазып Сырым батыр туралы М.П. Вяткиннің тұжымын тереңдете түсіп, оның әлеуметтік сипатынан гөрі ұлт-азаттық мәнін нақтылай түсті, шаруалар соғысыпан кері ауқымды халық қозғалысы болғанын дәлелдеді. Сырым Датұлы қозғалысын толықтай өз монографиясында қамтып өткен Мәшімбаев Серік Мектепұлы.
Кіші жүздегі жайық казак әскерлерінің және де патшаның озбыр саясатына қарсы болған көтеріліс.
Сырым Датұлы кіші жүзде байбақты руынан шыққан старшын – көтеріліс басшысы.

Осындай жағдайда тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, байбақты руының старшыны, шешен Сырым Датұлы (1742-1802 жж.) шықты. Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы қосылды. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783-1897 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет