1801 жылы 1 наурызда І Павел жарлығымен жайықтың оң жағалауына көшуге рұқсат берілді. Көшіп кетушілер негізінен Сырым Датұлының қозғалысына қатысқандар еді. Көшіп кеткендердің тұрмыс – тіршілігі – Кіші жүздегідей болды.
Патша үкіметі Бөкей ордасын «үлгілі» аймағы етпекші болды. Жер иеленушілер иерархиясы қалыптасты. Ең ірісі –хан, Одан кейінггі жерлер басшыларға, хан кеңесінің мүшелеріне, билерге, ірі байларға беріліп отырды. Кедей шаруалр көбейе бастады. Көбісінің өз жері болмағандықтан, жерді жалға алып отырды. Орадада сауда жақсы дамиды:
1. ауылдардың шаруашылық жағынан нығаюы ммен тауар – ақша қатынастарының таралуы;
2. ханның көтермелеу саясаты;
3. Ішкі Орданың саудагерлерге қолайлы орналасуы.
Ішкі Орда Ресей үшін мал және мал шикізатын ірі жеткізіп берушіге айналды.
1824 жылы таққа отырған Бөкейдің баласы Жәңгір патшаның толық қолдауына сүйеніп, халықтың әл – ауқатын жақсартты.
1827 жылы Жасқұс жерінде хан ордасын салдырды.
1841 жылы Торғын өзенінің бойында жазғы орданы салдырды.
Балаларды Саратов, Казаньға, Неплюев кадет корпусына оқуға жіберіп отырды.
Бірақ сонымен қатар Жәңгір хан Ресейдің феодалдық тәртіптер орнатты.
1823 ж. 22 маусымда хан Жәңгір деп тағайындалған грамотаға қол қойылды. Ол 20 жылдан астам уақыт билік етті. Бөкей Ордасы патша үкіметіне тәуелді болды.
10 Сұлтан «хан депутаттары» деп аталды. 1
2 старшыннан тұратын «базар сұлтандары» да болған.
Міндеттері баж жинау, сауда орындарын қадағалау болды.
1845 ж Жәңгір хан қайтыс болады. Осы кезде бүкіл Қазақ жерінде хан билігі жойылып,Б.О. – да хан билігін қалпына келтірмейтін болып шешілді. Оны басқару орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңеске көшті.
И.Тайманов пен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс және оның себептерін ашу.
Тарихнама: Совет өкіметі тұсында ғана Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің тарихи ғылыми тұрғыдан тыңғылықты зерттеле бастады. Бұдан кейін , Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс туралысовет тарихшысы А.Ф. Рязанов өзінің Исатай Тайманов көтерілісі жайында бірсыпыра дұрыс баяндап, оны қазақ халқының ардагер ұлдарының бірі деп көрсетеді. Халқының қамын жеп, намысын ту етіп көтерген Исатай мен Махамбеттің ұрпаққа үлгі болар ерліктерін И. Кенжалиев Исатай - Махамбет атты еңбегінде жазған сонымен қатар К. Сөйдөхановтың күрес пен жеңіс мырылары атты еңбегі, Ж. Тілеповтың еңбектерінде қарастырылған. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957. Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан. А.,1992. Еңбектерін де атап өткен жөн.
1833 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір хан өзінің қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлының Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындалуы көтеріліске түрткі болды. Көтерілістің аумағы: Бөкей Ордасы
Жәңгір қарапайым халықты қатты қанауға ұшыратты. Ол қазақтарға жерді «жалға» беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мәжбүр болды. Оған қоса Қарауылқожаның отбасы үшін әр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге міндеттелді.
Жер қатынасындағы осындай әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік жасады.
Көтерілістің негізгі себептері:
- Ақшалай салықтың өсуі;
- Әр күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттелуі;
- Шаруалардың көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі;
- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
Достарыңызбен бөлісу: |