Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет60/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды. Кіші жүз руларының барлығы да көтеріліске қатысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт және т.б.
Сырым батырдың соңынан ерушілердің саны туралы нақты мәлімет жоқ. Кейбір деректерде жалпы алғанда көтерілісшілер саны 3500 адам болды деп беріледі. Бірақ көтерілісшілер санының одан көп болғаны да айтылады.
С. Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және Жайық казактарына қарсы соққы беру болды.
Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.

  • Нұралы ханның ашық түрде патшаға қызмет етуі көтерілісшілерді оған қарсы қойды, ендігі олардың мақсаты ханды тақтан тайдыру болды.Нұралы және одан кейінгі хандар да патша өкіметінің қуыршақ хандарына айналды.

  • 1785 жылы Кіші жүздің ақсүйектер тобы Нұралыны тақтан тайдыру үшін құрылтай өткізді.


  • 1786 жылы Нұралы хан Орал бекінісіне қашып барды.

  • 1790 жылы Нұралы Уфада қайтыс болды. Жайық бойындағы казак әскері жасаған озбырлықтары көтерілістің одан әрі өршуіне себеп болды.

  • 1791 жылы Нұралының орнына Кіші жүздің ханы болып Ералы сұлтан сайланды. Бұл жағдай көтерілістің одан әрі кеңеюіне әсер етті.

  • 1794 жылы Ералы хан өлді.

  • 1795 жылы Нұралының ұлы Есім хан болып сайланды. Есімнің хан тағына отыруы Сырымның басқарған көтерілісінің қайтадан өрістеуіне себеп болды.

  • 1797 жылы 17 наурызда Сырым басқарған көтерілісшілер хан сарайына шабуыл жасап, Есім ханды өлтірді.


Көтерілістің жеңілу себептері:
1.Көтерілістің ұйымдастырылуы нашар болды;
2.Үстем тап өкілдері (билер, старшындар) арасындағы алауыздық;
3.Ру арасындағы қайшылықтар;
4.Көтеріліске шыққан әр түрлі топтар арасындағы байланыстардың нашарлығы;
5.Жазалаушы казак отрядының қару-жарағы мен күштерінің мықтылығы;
6.Қазақ феодалдарының Орал казактарына сатылуы;
7.Қазақ шаруалары арасындағы әр түрлі жағдайлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет