Ежелгі таптық ҚОҒамдар мен мемлекеттер I тарау ежелгі қОСӨзен мемлекеттері тақырып шумер және аккад



бет10/22
Дата21.09.2023
өлшемі92,77 Kb.
#109335
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Заратуштра ілімі. Парсы патшалығының құрамына көптеген халықтар кірді. Парсылар олардың мәдени жетістіктерін кеңінен пайдаланды. Өздеріне қажеттілерін ала отырып, өзгертіп, дамыта түсті. Мысалы, қосөзендік сына жазудың таңбаларын азайтып, 42 әріптік жазу жүйесін жасады. Бұл жазуды жеңілдетті.
Әр елдегі мықты білгірлер мен шеберлерді алдырып, өзеріне қызмет еткізді. Мысалы, египет, грек дәрігерлері парсы астанасында қызмет еткен.
Парсы тілді халықтардың мұра болып жеткен ең көрнекті әдеби шығармасы –«Авеста». Бұл шығармада уағыздалатын діни ілімді алғаш Заратуштра ілімі деп атады. Ол ілімнің мәні - жақсылық, қайырымдылық құдайы Ахурамазда мен жамандық пен қатыгездік құдайы Анхра Манью арасындағы күрес әлемдік дамудың негізі деуінде.
Басты құдай Ахурамазда жарық пен жақсылық жасаушы. Үй жануарлары мен өсімдіктердің қамқоршысы. Оны құрмет тұтып, сиынатындар мал өсіруге, жер шаруашылығымен айналысуға міндетті. Жыртқыштар мен аңдарды жойып, жамандықты болдырмауға тиісті.
Ал Анхра Манью жабайы аңдар мен жыртқыштардың қамқоршысы. Бейбіт өмір сүріп, еркін еңбекпен айналысушы адамдарға жамандық жасап, қиындық тудырып отырады.
Ахурамазданың да, Анхра Маньюдің бағынышты перілері болды. Ол екеуінің күресіне осы перілері көмектеседі. Сондықтан да олардың күресі мыңдаған жылға созылды. Ақыры қайырымдылық құдайы Ахурамазда жеңіске жетті.
Заратуштра ілімінің бір ерекшелігі болды. Ол бойынша өлген адамның денесін жерге көмуге де, отқа жағуға да рұқсат етілмеді. Өлі дене жерді де, отты да ластайды. Өлгендердің денесін жабайы құстарға тасату керек деп есептеді..
I Дарийдің кезінен бастап Ахурамаздаға сиыну кең тарай бастады. I Дарий Ахурамазданы – жер, аспанды, адамдарды жаратушы, өзін патшалардың патшасы, қасиетті құдай деп жариялады. Сөйтіп, Ахурамазда бас құдай, аспа патшасы, жер патшасы I Дарийдің қамқоршысы деп есептелінді. Орасан зор Парсы патшалығының құрылуы бір құдайға табынуды, жалпы мемлекеттік дінді қажет етті. I Дарийдің мұрагерлері тұсында Ахурамазда парсылардың аспандағы иесі болып танылды.
1. Ежелгі парсылар мекендеген жерді атап, картадан көрсетіңдер. Оның табиғат жағдайы
мен жер байлығы туралы не білесіңдер?
2. Парсы тайпаларын қандай рудың көсемдері басқарды? Мидия мен Вавилон арасындағы
жағдай қандай еді? Оның парсылардың өрлеуіне әсері болды ма?
3. Кирдің жаулап алулары туралы не айтасыңдар? Парсы патшалығы қалай құрылды?
Оған сендер білетін қандай мемлекеттердің жері бағынды? Камбиз қай елді
бағындырды?
4. I Дарий қай жылы таққа отырды? Елді басқару жүйесіне қандай өзгерістер енгізді?
Дарик деген не? «Патша жолы» деп нені атаған?
5. I Дарийдің Орта Азияға жорығы неге сәтсіз аяқталды?
6. «Авеста» деген не? Онда не туралы жазылған?
7. Заратуштра ілімі деген не? Ол ілім туралы не айтасыңдар? Ахурамазда және Анхра
Манью құдайлары туралы не білесіңдер?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет