Екінші кітап Есте қалғандар


АТА ҚОНЫС, АЛТЫН ОРДАМ, БЕСІГІМ



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата17.10.2023
өлшемі7,92 Mb.
#116988
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
АТА ҚОНЫС, АЛТЫН ОРДАМ, БЕСІГІМ
ақсақ, «Еуропалық үлгінің» өмірімізге тікелей ене бас- 
яж
тағанына ғасырдан астам уақыт өтіпті. Соңынан оньщ 
қүрамдас бөлігіндей болып алған «орыс ықпалының» 
алғашында жасқаншақтап, 
XVII 
ғасырдың соңғы жыл-
------дарынан бастап қана, онда да орыс тауарларымен
бірге, қазақ өміріне араласа бастағанымен, кейіннен метропо- 
лияның халықтарділ өзіне бейімдейтін саясатымен болМлсымыздьі


билегеніне 250—300 жылға таяу уақыт өткен екен. Ал енді кеңес 
үкіметі қүлағалы америкаыдық өмір салтының бой корсете бас- 
таганы байқалатын болып жүр.
Бүлардың орнығуына көп жылгы мәдени-идеологиялық, эко- 
номикалық, діни, қүқықтық өктемдіктердің (экспансиялардың) 
қызмет етіп келгені мәлім. Соның салдарынан қазақтың өзіндігі, 
үлттық мінез-қүлқы, игі-қасиеттері, дәстүрлі өнері ыгыстырыла 
бастады. Түрмыстағы әрқилы келеңсіздіктерге тап болдық. Хал- 
қымыздың діни сана-сезіміндегі ыдыраңқылықты, тиянақсыздық- 
ты православие, баптизм, иегово куәгерлері, иудаизм, кришна­
изм тағы басқа діни ағымдар толықтыра бастады. Бұған Қазақ- 
станда идеологиялық және саяси әр алуандықтың конституция- 
лық жолмен танылғаны қолайлы жағдай туғызуда.
Үлтгық дәстүр мен уақыт талабының арасындағы қарама- 
қайшылықтың өрістей бастағанын қазіргі заманғы әмбебаптық- 
тан (әрқилылықтан, әркелкіліктен) де көріп жүрміз. Десек те 
тәуелсіз Қазақстан жағдайында батыстың рухапи жетістіктеріне 
бір жақты бас июден арылып, ұлттық қасиеттерімізді қайта 
жаңғыртуға болатын уақыт туып келе жатқанға үқсайды. Мүның 
өзі басқа бір төтенше жағдайға тап болмасақ, жалпыға мәлім 
өркениеттік жолға жедел өтуімізге мүмкіндік берер еді. Бұл 
қазақ қоғамының рухани ж әне әлеуметтік өмірінен туындаған 
ерекшеліктерін қалпына келтіріп қана қоймай, бастапқы табиғи 
ортасына қайтара түсуге ықпал етер еді деп жорамалдауға 
болады. Сонда ғана қазақтың генофондын, тілін, мәдениетін 
сақтап қалуға толық мүмкіндік туагыны ықтимал.
Әрине әмбебаптықтың айрықша қүбылыс ретінде халықтар- 
ды, мәдениеттерді жақындастырудағы, мәдени-ақдараттық кең- 
істікті толықтырудағы рөлін жоққа шығаруға болмайды. Оның 
замана, уақыт, үрпақтар сабақтастығын дәлдей түскені де жал- 
пыға мәлім. Әйтсе де әрбір қүбылыстың күнгейі мен теріскейі 
шығысы мен батысы, Фараби айтқандай, төрт түсы болатынын 
естен шығаруға қақымыз жоқ.
Менің әмбебаптыққа қатысты мәселенің бүл жағына көңіл 
аударып отырғаным қазіргі өтпелі кезеңде елдің өткен өміріне, 
мәдени жетістіктеріне әділ баға бере отыра, бойымызға сіңген 
игі қасиеттерге қарсы жаңа шабуылдарға тойтарыс беріп қана 
қоймай, қоғамдық ойда бүркеме пікір мен теріс қағидаттардың 
орнығуына қарсы тұра білсек деген тілекпен байланысты.
Бүлай дейтінім қазір бізде шетелдік, әсіресе американдық 
өмір салтына бой ұсыну кеңінен өрістеп келе жатқан сияқты. 
Оған қазіргі заманғы игіліктермен қатар от басы — ошақ қасы- 
нан қоғамдық орындарға дейін халықтық негізде өмір қүру 
қағидаттарын тиімді пайдалану арқылы ғана қарсы түруға бола­
ды. Мұның өзі, сайып келгенде, үлттық мақтанышпен байла-


нысты бола беретіндіктен ата-баба мұрасына ұқыптылығымыз 
да өз үйлесімін тауып жатса демек едім.
Қазір қайсы біреулер үлттық бірлік тек капитализмнің қай- 
тып оралуымен ғана әлеуметтік, мәдени, қүқықтық жүйе болып 
қалыптаса алады-мыс дегенді айтып жүр. Мұның жалған көзқа- 
рас екені даусыз. Өйткені, өркениет деген пәлсафалық түсінік- 
тің өзі өмірімізге соңғы кезде ғана ене бастағандықтан оның 
ортақ қағидасы әлі жасала қойған жоқ. Десек те қазақ қоға- 
мында оның орнын толтыра алатын түйсік-түсініктер жеткілікті. 
Тіпті, өзгені былай қойғанда, исламның наным-танымдық саты- 
ларының — хақиқаттың, шариғаттың, тарихаттың, мағрифаттың 
мүмкіндіктерін белгілі бір деңгейде иайдалануға болатын сияқ- 
ты. Өйткені, олар да халқымыздың рухани өмірімен біте қайна- 
сып, оның кейбір топтары арасында өздерінің о бастағы көзқа- 
растық нышандарын сақтай отырып, әлеуметтік қатынастарға
рухани қал-ахуалға, адамның ж ан дүниесіне негіз бола алған. 
Тек Қазақстандағы мүсылман қауымының қүлшынысы қажет- 
ақ. Онсыз оның орнын өзге діни ағымдар басуы ықтимал.
Біз тарихтан қазақтың үш ж үзінің де ас-ауқатына қажет 
диханшылық өнімдерін, үй жиһаздарын, көрпе-төсегіне қажет 
материалдарын, қүрал-сайман, ыдыс-аяғына дейін алып келген 
отырықшы-егінші аймақтары болғанын және оларды мекенде- 
ген елдің арасында өз руластарының да қоныс тепкенін жақсы 
білеміз. Көшпелі қазақ үшін Сыр бойы, Талас-Шу атырабы, 
Ежелгі Хорезм ғасырлар бойы осындай қызмет атқарып келген. 
Мұның өзі қазақ қауымдастығының құрамында жартылай оты- 
рықшы, тіптен отырықшы топтарының болғанын көрсететіндік- 
тен оны түгелдей көшпеліліктен «өрбітудің» (ғылымда көп жыл- 
дар бойы осындай пікір басым болып келді) қисыны ж оқ екенін 
аңғартады. Оның үстіне көшпелі-малшы қауымның ақша түріне 
біріншілер болып келетіні жөнінде Маркс айтқан кемеңгер пі- 
кірді ж оққа шығара қоятындар табыла қоймас. Тіпті, тауарлық- 
ақшалық қатынастың көшпелі Үлы дала мен отырықшы Мау- 
реннаһрдың, басқаша айтқанда, Түран мен Иранның өзара бай- 
ланыстылығына негіз болғаны да белгілі.
Тағы бір тәрбиелік мәні бар, ерекше көңіл аударуға түрар- 
лық жағдай бар. Ол қазақ қоғамының көшпелі малшылардан, 
жартылай отырықшы ж әне отырықшы топтардан құралғаны- 
ның тарихтан баламасы табыла қоймайтын соны мәдениет 
жасауға мүмкіндік бергенімен байланысты еді.
Әйтсе де әмбебаптықтың әсерімен қазақ өзінің өмірін әралу- 
ан етіп ұйымдастырудан қалды, ертеңгі күнінің қандай болаты- 
нын ойлауды қойды, мемлекеттік өндірістің мүмкіндіктеріне иек 
арта беретіндіктен дәстүрлі өнердің қадіріне ж ете бермейтін, 
көп жағдайда әсемдік пен тұрпайылықты ажырата білмейтін


болып алды. Елден мейірімділік, от басы — ошақ қасынан бе- 
реке кетті, тұрмыстан азғындау күшейді. Дінге, рухани өмірге 
көзқарас өзгерді.
Алматыға іс-сапары м ен келген Ш ы м кенттегі бұры нғы
Мәдениет институтының бір оқытушысы, маған жолығып, мы- 
надай бір оқиғаны паш еткені бар еді:
— Бірде біздің институттың екі студентінің Иегово куәгерлері 
деген сектаның жиындарына қатынасып жүргені белгілі болды. 
Мүны біле сала сектаның жиынына мен де бардым. Сырттан 
келген адам екенімді біліп, үйымына жаңа мүше қосылыпты 
дегендей, мені құрметпен қарсы алып, төрден орын босатып 
берді. Ең аддымен көзге түскені жиналғандардың жетпіс про- 
центке жуығының қазақ екені. Бәрі де оқылған дүғаны шын 
пейілімен қабылдағандай болып, еліріп отырды. Дүға оқылып 
бітісімен жиын «Біз еврейміз!», «Біз еврейміз!» деген сөздерді 
бірігіп айтып тарқасты.
Одан кейін бүлар нендей жігіттер екен, осындай қалге тап 
болатындай, бастарына не күн туғанын білмек болып үйлеріне 
барсам, әке-шешелері бет бақтырмайды: «Шырағым-ау, сонда 
тұрған не бар, бүрын балаларымыз кеш болса не ғып ж үр 
екен деп үрейленіп отыратын едік, қазір қүдайға шүкір ты- 
нышталды, тәртібі жақсы, сектасынан басқа ешқайда бармай- 
ды, аздаған қайырымдылық көмек те алып түрады»— дегенді 
айтты.
Сонда, біз ағатай-ау, қайтіп өмір сүреміз, бүйте берсек жас 
ұрпақтан мүлдем айырылып қаламыз ба деп қорқам. Бүрын 
мүндайда шағым айтып баруға болатын комсомол үйымы бар 
еді, партия комитеті деген болушы еді, қазір олар да жоқ. 
Студенттер болса, қысым ж асай бастасаң, оқуын тастап кетуден 
де тайынатын түрі жоқ*
Шымкенттен келген ағайын осыны айтып, түнжырап төмен 
қарап, үндемей отырып қалды. Мен оған басы-қасында болып, 
өз көзіммен көрмеген соң не айта қояйын, әйтсе де, шамам 
келгенше ақыл-кеңесімді айтып шығарып салдым.
Басқа дінге еліктеушілік осылай басталады екен. Мешіт, 
медресе тұрғыза берген дүрыс қой, бірақ оларға барып, тәлім- 
тәрбие алып, алла-тағалаға мінәжат ететін жастар бола бермесе, 
мүсылман қауымы қашанғы қол қусырып отыра береді? Мүны 
да ойланатын уақыт жеткен сияқты. Рас, бүрынғы тоталитар- 
лық идеологияның, оны коммунистік дейсіз бе, еркіңіз білсін, 
баукеспелік немесе басып-төстеушілік идеологиясы дейміз бе, 
одан бүгін келіп-кететін ештеңе жоқ, тек оның орнын толтыра- 
тын күштердің арасынан исламның ерекше орын алуы Қазақ- 
стан жағдайында завды екеніне күмәндануға болмайды. Бұлай 
дейтінім батыс мәдениетіне бірегей тәнті түрушылықтың ықпа-


лынан біржолата арылу үшін де халықтық негіз керек, ал оның 
бір ұшы мұсылмангершілікте жататыны хақ.
Халықтық негіздің біз үшін аса маңызды болатыны тәуелсіздік 
тізгінін қолына алған Қазақстан сияқты жас мемлекетте бұдан 
былай рухани өмір мен өркендей түсу мүмкіндігі онсыз да бөгде 
факторларға тіреле беретін болады.
Халықтық негіз дәстүрлі өнермен, әсіресе сәулеткерлікпен, 
кәсіпкерлікпен, кәсіпшілікпен, тұрмыс құрумен, ұлттық киім- 
кешекпен, ою-өрнекпен жымдасып жатады. Ол әуез-әуенмен, 
шешендікпен, суырып-салма ақындықпен, билеу машығымен, 
аңыз-ертегілермен, тағысын тағылармен де байланысты. Ал 
әмбебаптық болса, жылдар бойы халықтың мүндай қасиеттері- 
нің үнін өшіріп, буындырып, сыртқа шыға бермейтіндей етіп, 
жалпылықты, мәдени кеңістіктің ортақтастығын уағыздаумен 
болды. Соның салдарынан әмбебаптыққа қарсы түра алатындай 
мәдени жетіскендік көрсете алмағандықтан тарихтан арттырға- 
нынан гөрі жоғалтқаны көбірек халық болып қалыптастық. Қазіргі 
әмбебаптыққа қарсы күрестің халықтың болашағын қорғаумен 
ұштасып жататын қүбылысқа айналып бара жатқаны да осы- 
мен байланысты.
Ж азуш ы Софы Сматаевтың «Егемен Қазақстанда» басылған 
бір мақаласында халқымыздың әсіресе опасыздықты кешіре 
_бе£мейтіпі жайында кемеңгер бабамыз Қаз дауыстьҒҚазыбек- 
^пенВ ійланы стыра айтылған бір үлгілі аңыз бар еді. Соған көңіл 
бұрсақ, көп нәрсе түсінікті болатын сияқты.
----- Бір жолы жоңғарлармен келіссөз жүргізіп, елге оралған
сапарында Қаз дауысты Қазыбек шешен соңына ерген шағын 
тобымен жол жөнекей бір қазақтыц үйінде қонып қалады.
Қонақжай қазақ дәстүрімен қолын қусырып, құрақ ұшып 
қымызын үсынған үй иесінің жүзі сынық, көңілі күпті көрінген 
екен. Қонақтар да әліптің артын бағыгі, суырыла сөйлеп, сүғына 
қоймапты. Ет пісіп, 
табаққа түсіп, қадірлі қонақтың алдына 
келіп қалады. Сыйлы меймандардың мүшелі сыбағасын турап, 
алдына қойған жігіт тағы бір табақ етті ұсақтап кесіп, қүрулы 
түрған шымылдықты түріп жіберіп, ағаш төсекте жатқан иттің 
алдына апарып қойыпты. Қонақтар аң-таң болып үнсіз отыра 
берген ғой. Жігіт сыртқа шығып кетіп, үйдің жанындағы үйшік- 
тен үсті-басы алба-жүлба, мойнына дорба асынған, шашы ұйыс- 
қан, бет-ауызы жара-жара, көзі кіртиген, өңсіз-сөлсіз бір әйел- 
ді ертіп кіріп, итаяқта қалған сүйек-саяқты алдына итере салып- 
ты.
Би тіксініп қалып, қолын майлыққа сүртіп, кейін шегініп, 
арқасын жүкаяққа сүйеп, қасын қиғаштай кере үй иесіне шан- 
шылып қарапты. Жігіт те түйсіксіз болмаса керек, қолын кеу- 
десіне қойып, басын иіп, өңгімесін бастап та кетіпті.


Сөйтсе, келіншек жігіттің қыздай айттырып алған әйелі екен. 
Содан бірер жыл бұрынғы ойрат шабуылы кезінде қолды бо- 
лыпты. Қазақ-ойрат бітімінен кейін келіншегін іздеп барған жігітті 
некелі жары кеудесінен итеріп, жақындата қоймайды. Тұтқында 
жүріп түрмыс қүрған ойрат күйеуіне әбден бауыр басып алған 
бейшара әйел бұрынғы 
отағасына пысқырып та қарамайды. 
«Қолға түскендерді түгел қайтарыңдар» деген хонтайшы әміріне 
бас иген ойрат: «Көнсе алып кете берсін!» деген мәрттік білді- 
ріпті. Әйелін елге қайтуға иіктіре алмай, әбден мысы құрыған 
жігіт: «Алыстан іздеп келіп ем, тым болмаса әудем жерге шы- 
ғарып сал» деп келіншегіне жалынады. Сөзге еліккен әйелді 
ұзап шыға бере, мойнына қыл шылбырды тастап жіберіп, алды- 
на өңгеріп, іліп ала жөнеледі. Ер жігіттің аты қанатты болса 
керек. Түнімен жүріп таң ата қазақтың ж ер шебіне жеткенде 
артынан шаң көрінеді. Ж арамды атпен түғіделетіп қуып жеткен 
әйелдің ойрат күйеуі екен. Анадайдан айқайлап, дабылын қа- 
ғып, «жекпе-жекке» шақырады. «Сенімен бір аянбай айқасай- 
ын, ортағы шық!» деп, қылышын ала үмтылады. Қазақ жігіт те 
аттан қарғып түсіп, қарсыласына үмтыла бастайды. Дәл сол 
мезетте жерде аунап ж атқан әйел қазақ күйеуінің аяғынан 
тартып қалып, екеулеп ж ерге алып үрады. Ойраттың астына 
түсіп, өлуге жақын қалғанда күшігінен асыраған иті жауын бас 
салып талап, жарып тастайды. «Ит опа — қатын жапа» деген 
мәтел сол заманнан қалған екен дейді қазақ. Содан бері өмірін 
сақтап қалған игті қадірлеп, күйеуі иттік жасаған әйеліне ита- 
яқтан ас беріп келген екен.
Қаз дауысты Қазыбек үзақ ойланып отырып, қоңыр қаздай 
қаңқылдаған даусымен айтатын кесімін көмейден төгіпті деседі:
— Ж үрекке әмір жүрмейтінін білмей, қүштарлықтың қызыл 
тілді құрметтейтінін білмей, сен, балам, жүректі жеңбек болып- 
сың. Қүшағына өктемдікпен енбек болыпсың. Сенің өктемдігіңе 
көнбеген бүл әйел айыпты емес, ж үрекке ерік бермеген сен 
айыптысың. Одан соң бүл әйел басқаны үнатқаны үшін емес, 
жауыңа болысып, сені Тсулатканы ушін айыпты. Сонымен аиыгі- 
ты айып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет